Португалия құрамасы мен «Манчестер Ситидің» экс-ойыншылары: ҚФФ-ның бапкерлер шорт-листі белгілі
18.12.2025 09:21
Фото: Пробеж (сол жағында), Коулман (ортада) және Жорже (оң жағында)
Қазақстан футбол федерациясы ұлттық құраманың бас бапкері қызметіне бірнеше үміткерді қарастырып жатыр, деп хабарлайды ASnews.kz.
Олардың бірі — Португалия жастар және олимпиада құрамасының бұрынғы бапкері Руй Жорже. Биыл ол қызметінен кетті, ал оның командалары ірі турнирлерде, соның ішінде 2016 жылғы Олимпиада ойындарында тұрақты өнер көрсетті. Футболшы ретінде Жорже «Порту» және «Спортинг» сапында ойнап, Португалия чемпионатында жеті рет топ жарды, төрт рет ел Кубогын және алты рет Суперкубокты иеленді. Ұлттық құрама сапында 45 ойын өткізіп, бір гол соқты.
Айта кетейік, Жорже кандидатурасы басымдыққа ие емес, сондықтан оның бас бапкер болып тағайындалу ықтималдығы төмен.
Бас бапкер қызметіне тағы бір үміткер — уэльстік Крис Коулман. Ол бапкер ретінде өз ұлттық құрамасын 2016 жылғы Еуропа чемпионатының жартылай финалына шығарған. «Манчестер Сити» академиясының түлегі футболшы ретінде «Кристал Пэлас», «Блэкберн», «Фулхэм» және «Суонси» сияқты бірқатар ағылшын клубтарында ойнаған. Ал бапкер ретінде «Фулхэм», «Реал Сосьедад», грекиялық «Лариса» мен «Атромитос», «Сандерленд», қытайлық «Хэбэй», бельгиялық «Ауд-Хеверле Левен» клубтарын жаттықтырған. Қазіргі уақытта маман грекиялық «Астерас» клубында жұмыс істейді.
Үшінші кандидат — 2023-2025 жылдары өз ұлттық құрамасын жаттықтырған польшалық бапкер Михал Пробеж. Ол Польшаның жетекші клубтарында, соның ішінде «Висла», «Лехия», «Ягеллония» және басқаларында жұмыс істеген.
Бұған дейін Қазақстан футбол федерациясының тізімінде италиялық Массимо Каррера (мәскеулік «Спартактың» экс-бапкері) және Швеция құрамасының бұрынғы бапкері Янне Андерссон болған еді. Каррера отбасылық жағдайына байланысты Қазақстанға ұшып келе алмаса, Андерссон бапкерлік мансабын аяқтады.
Қазіргі уақытта ұлттық құраманың бас бапкері міндетін қазақстандық Талғат Байсуфинов атқаруда.
Тағы да оқыңыз
Басты жаңалықтар
Ең шулы төбелеске 15 жыл толды: ықпалды туыстар, Айсұлтан Назарбаевтың «Локомотиві» және өмірлік «бан»
1Қазақстан құрамасы экс-қақпашысының командасы Қытайда ұлттық турнирдің плей-офф кезеңіне шықты
2ҚПЛ-дағы сенегалдық легионер: біз Марокконы лайықты түрде жеңдік
3Турнирлік кесте
Қайрат
Астана
Ордабасы
Оқжетпес
Ұлытау
Ақтөбе
Қызылжар
Ертіс
Елімай
Атырау
Қайсар
Алтай
Жеңіс
Тобыл
Жетісу
Каспий
Арсенал
Манчестер Сити
Манчестер Юнайтед
Астон Вилла
Ливерпуль
Челси
Брентфорд
Эвертон
Ньюкасл Юнайтед
Борнмут
Фулхэм
Брайтон
Сандерленд
Кристал Пэлас
Лидс
Тоттенхэм
Ноттингем Форест
Вест Хэм
Бёрнли
Вулверхэмптон
Барселона
Реал Мадрид
Атлетико Мадрид
Вильярреал
Бетис
Сельта
Реал Сосьедад
Эспаньол
Хетафе
Атлетик Бильбао
Осасуна
Жирона
Райо Вальекано
Валенсия
Севилья
Мальорка
Алавес
Эльче
Леванте
Реал Овьедо
Бавария
Боруссия Дортмунд
Хоффенхайм
Штутгарт
РБ Лейпциг
Байер 04
Айнтрахт Франкфурт
Фрайбург
Унион Берлин
Аугсбург
Гамбург
Боруссия М
Майнц
Кёльн
Вердер
Санкт-Паули
Вольфсбург
Хейденхайм
Интер Милан
Милан
Наполи
Комо
Ювентус
Рома
Аталанта
Болонья
Лацио
Сассуоло
Удинезе
Парма
Дженоа
Торино
Кальяри
Фиорентина
Лечче
Кремонезе
Пиза
Верона
ПСЖ
Ланс
Марсель
Лион
Лилль
Монако
Ренн
Страсбур
Лорьян
Брест
Тулуза
Анже
Париж
Гавр
Ницца
Осер
Нант
Метц
Әлім Динасылов