Матч орталығы
Қытайдағы қазақ қақпашысы: Қазақстан құрамасынан ешкім хабарласқан жоқ
13.12.2025 10:04

Фото: Ержет Ерзат
Түп-тамыры қазақ саналатын қытайлық қақпашы Ержет Ерзат ASnews.kz сайтына берген сұхбатында Қазақстан құрамасында ойнау мүмкіндігі туралы айтты.
«Шынымды айтсам, федерациядан ешкім хабарласқан жоқ. Мен қазіргі уақытта Қытай чемпионатында ойнаймын, оған дейін Еуропада бағымды сынап көрдім. Қазақстанға бірнеше рет бардым: алдымен халықаралық жастар турниріне, содан кейін «Астана» клубына жаттығуға бардым. Шынымды айтсам, клубта қалып, барымды салғым келді. Менің трансферім маған қатысы жоқ жағдайларға байланысты сәтсіз аяқталды.
Уақытым болған кезде мен Қазақстан футболын бақылаймын және кейбір ойыншыларды танимын. Мен Қытайдың 23 жасқа дейінгі құрамасында ойнадым. Онда 20 мен 23 жас аралығындағы ең үздік қытайлық футболшылар өнер көрсетті. Мен әрқашан Қытай құрамасында ойнауды армандадым», – деді 32 жастағы қақпашы.
Ержет Ерзат қазіргі уақытта Қытайдың екінші лигасында «HB Istar» командасында ойнайды. Бұған дейін ол Суперлига мен Бірінші дивизиондағы клубтарда доп тепкен. Сондай-ақ португалиялық «Пасуш Феррейра», «Лейшоэш», «Салгейруш» және «Гондомар» командаларында өнер көрсетті. Қытайдың әртүрлі жастағы құрамаларында 11 матч өткізген.
Басты жаңалықтар
Халықаралық футбол 28 қазан, 10:58
Сәтпаевтың клубы ұшып кетпей ме? «Бернлидің» Чемпионшиптегі қорытынды орнына болжам айтылды
3ҚПЛ 28 қазан, 08:14
«Холанд «Ситиде», ал мен «Ордабасыдамын»: Бьорн Йонсен Норвегия құрамасына оралу мүмкіндігін бағалады
4Турнирлік кесте
Қазақстан Премьер-Лигасы
#
Команда
Ұпай
1
68
2
64
3
53
4
51
5
46
6
45
7
41
8
35
9
33
10
33
11
30
12
29
13
27
14
27
15
26
16
25
Ербол Каиров