Матч орталығы
ҚФФ жаңа бас бапкер іздеуде: шетелдік мамандармен келіссөз жүргізілуде
06.12.2025 20:23

Фото: ҚФФ
Қазақстан футбол федерациясы (ҚФФ) ұлттық құраманың бас бапкері етіп шетелдік маманды тағайындау туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды ASnews.kz.
Осы күзде команданы уақытша жаттықтырған Талғат Байсуфинов бас бапкер қызметіне негізгі кандидат ретінде қарастырылған еді.
Оның басшылығымен Қазақстан құрамасы Солтүстік Македония және Бельгиямен тең ойнап, Лихтенштейнді жеңді. Бірақ жолдастық кездесуде Фарер аралдарына жол берді.
Бұған дейін қаржылық қиындықтарға байланысты Байсуфиновты бас бапкер лауазымына үміткер деп санаған ҚФФ қазіргі уақытта шетелдік мамандармен келіссөз жүргізуде.
Байсуфиновтың өзі БАҚ-қа берген сұхбатында федерациямен келіссөздер жүргізбегенін мәлімдеді. Егер шетелдік бапкерлермен келісе алмаса, ҚФФ қайтадан «Ұлытау» ФК-ның қазіргі басшысына ұсыныс жасауы мүмкін.
Әлім Динасылов