Матч орталығы
Қашкен – ҚПЛ мен ұлттық құрама деңгейі жайлы: айырмашылық жер мен көктей
30.11.2025 10:28

Фото: Дінмұхаммед Қашкен
Талдықорғандық «Жетісу» қорғаушысы Дінмұхаммед Қашкен ASnews.kz сайтына берген сұхбатында клубтық футбол мен ұлттық құрама деңгейін салыстырды.
«Менің ойымша, баспен жақсы ойнаймын, алғашқы пасым да жаман емес. Біздің Қазақстанның алаңдарында қысқа паспен ойнау қиын, сондықтан бірден шабуылшыны іздейміз. Ойыншылардың деңгейі жетпей жатады, дұрыс ашыла алмайды.
Өткенде ұлттық құрама мен клуб арасындағы деңгейдің жер мен көктей екенін байқадым. Ол жақта футболшылар ашыла біледі, жылдам ойнайды. Деңгейі бөлек», – деді футболшы.
Өткен маусымда Қашкен «Ұлытау» мен «Жетісу» сапында ойнап, 14 матчта 1 гол соқты. Қазан айында ұлттық құрамаға шақырту алғанымен, Лихтенштейн (4:0) және Солтүстік Македониямен (1:1) болған матчтарға қатыспады.
Басты жаңалықтар
Халықаралық футбол 28 қазан, 10:58
Сәтпаевтың клубы ұшып кетпей ме? «Бернлидің» Чемпионшиптегі қорытынды орнына болжам айтылды
2ҚПЛ 28 қазан, 08:14
«Холанд «Ситиде», ал мен «Ордабасыдамын»: Бьорн Йонсен Норвегия құрамасына оралу мүмкіндігін бағалады
3Турнирлік кесте
Қазақстан Премьер-Лигасы
#
Команда
Ұпай
1
68
2
64
3
53
4
51
5
46
6
45
7
41
8
35
9
33
10
33
11
30
12
29
13
27
14
27
15
26
16
25
Әлім Динасылов