Матч орталығы
Смаков – Қашкеннің ұлттық құрамадағы болашағы жайлы: бәрі өзіне байланысты
17.11.2025 15:15

Фото: Дінмұхаммед Қашкен
Қазақстан құрамасының бұрынғы капитаны және «Жетісу» командасының экс-бапкері Самат Смаков ASnews.kz сайтына берген сұхбатында Дінмұхаммед Қашкенге әлеуметтік желілерде көрсетіліп жатқан қысым туралы айтты.
«Хейт деген әрдайым болады. Бұған назар аудармау керектігін айттым. Оларға жауап берсең, жағдай одан әрі шиеленісе түседі. Өз жұмысыңды істе, жаттығу жаса, хейтке жауап берудің қажеті жоқ», – деді Смаков.
Қазақстандық бапкердің айтуынша, Қашкеннің ұлттық құрамаға тұрақты түрде шақыртылуы тек өзіне байланысты екен:
«Бәрі өзіне байланысты. Мұны барлық жігіттерге айтып отырамын. Қай жақта ойнасаң да, бапкерлік штабтың тапсырмасын, ақыл-кеңесін қабылдап, соны алаңда көрсету қажет. Бәрі ойыншыға байланысты. Басқа ешкім де көмектеспейді».
Смаков Қашкеннің футбол алаңынан бөлек, жекпе-жек залдарында да жаттығу жасайтынына тоқталып өтті:
«Мұны жаман нәрсе деп айта алмаймын. Ол жақтан да пайдалы нәрсе алуға болады деп ойлаймын».
Тағы да оқыңыз
Басты жаңалықтар
Барлық жаңалықтар
Турнирлік кесте
Қазақстан Премьер-Лигасы
#
Команда
Ұпай
1
57
2
55
3
45
4
42
5
38
6
32
7
31
8
31
9
29
10
26
11
23
12
23
13
22
14
22
15
20
16
20
Әлім Динасылов