Матч орталығы

Байсуфинов – Чесноковтың қызыл қағазы туралы: жігіттерді қорғау керек болды

15.11.2025 22:20

Байсуфинов – Чесноковтың қызыл қағазы туралы: жігіттерді қорғау керек болды

Фото: Талгат Байсуфинов

Қазақстан құрамасының бас бапкерінің міндетін атқарушы Талғат Байсуфинов Бельгияға қарсы ойында Ислам Чесноковтың алаңнан қуылуы және өзінің сары қағаз алуы туралы пікір білдірді, деп хабарлайды ASnews.kz.

«Баяғыда жас жігіттер төбелесіп қалса, үлкендері қолдап жүретін еді ғой. Бұл жолы да сол – жігіттерді қорғадым. Чесноковқа көрсетілген қызыл қағазды әлі қарап шығу керек. Бүкіл Бельгия құрамасының бапкерлері Исламға лап қойғанда, қалай қарап тұра аламын? Оларға не айтқанымды есіме де түсіре алмаймын, бәрібір түсінген жоқ (күлді)», – деді Байсуфинов.

Маруаұлы сондай-ақ Қазақстан құрамасын толыққанды бапкер ретінде басқаруға дайын екенін мәлімдеді:

«ҚФФ басшыларымен – Давид Лория, Әли Әлиев – кезінде жолдарымыз түйіскен. Мен „Ертішке“ барған кезде, маған көмектескен. Енді мен де көмектесуге дайынмын. Әуелі Фарер аралдарымен ойнап алайық. Сосын басшылықпен кездесіп, сөйлесеміз».

Байсуфинов журналист Эльдар Аманбаевтың «Қазақстан Бельгиядан ұпай алса, шашымды алдырамын» деген сөзіне де тоқталды:

«Мен Кеңес армиясында қызмет еттім, аға сержант болдым. Әскерде шашымды көп алдырмайтынмын. Оның үстіне ұстараны дұрыс қолдана алмаймын. Эльдардың шашын құртып аламын ба деп қорқамын», – деп әзілдеді ол.

Қазақстан құрамасы ӘЧ-2026 іріктеу кезеңіндегі соңғы матчында Бельгиямен 1:1 есебімен тең түсті. Дастан Сәтпаев ұлттық құрамадағы алғашқы голын соқты.

Енді Талғат Байсуфинов шәкірттері 18 қараша күні Хорватияда Фарер аралдарымен жолдастық матч өткізеді.

Тағы да оқыңыз

Бүгін, 19:12

Эльхан Астановтың «Ордабасы» сапына қашан оралатыны белгілі болды

Бүгін, 18:11

Белгілі блогер Қазақстан құрамасының ойыншыларын есектерге теңеді

Бүгін, 16:49

Қазақстан құрамасына үміткер Нұртас Адамбаймен туыстығы туралы айтты

Бүгін, 15:43

«Астана» «Ордабасыға» қарсы матчта көшбасшыларын қосалқы құрамда қалдырды

Бүгін, 13:45

«Жеңетінімізге күмәндандым»: «Ордабасының» иесі – «Оқжетпеске» қарсы ойын туралы

Бүгін, 12:39

«Челси» емдеу жұмыстарына араласты: «Бернлиде» Дастан Сәтпаевтың қатарға қосылатын уақытын атады

Басты жаңалықтар

ҚПЛ  12 қыркүйек, 19:12

Эльхан Астановтың «Ордабасы» сапына қашан оралатыны белгілі болды

1
Ұлттық құрама  12 қыркүйек, 18:11

Белгілі блогер Қазақстан құрамасының ойыншыларын есектерге теңеді

2
ҚПЛ  12 қыркүйек, 16:49

Қазақстан құрамасына үміткер Нұртас Адамбаймен туыстығы туралы айтты

3
ҚПЛ  12 қыркүйек, 15:43

«Астана» «Ордабасыға» қарсы матчта көшбасшыларын қосалқы құрамда қалдырды

4
ҚПЛ  12 қыркүйек, 13:45

«Жеңетінімізге күмәндандым»: «Ордабасының» иесі – «Оқжетпеске» қарсы ойын туралы

5
Халықаралық футбол  12 қыркүйек, 12:39

«Челси» емдеу жұмыстарына араласты: «Бернлиде» Дастан Сәтпаевтың қатарға қосылатын уақытын атады

6
Барлық жаңалықтар

Турнирлік кесте

Қазақстан Премьер-Лигасы
#
Команда
О
Ж
Т
Ұ
+/-
Ұпай
1
ҚайратҚайрат
24
17
6
1
35
57
2
ОрдабасыОрдабасы
24
17
4
3
29
55
3
АстанаАстана
23
13
6
4
17
45
4
ОқжетпесОқжетпес
24
12
6
6
5
42
5
АқтөбеАқтөбе
24
11
5
8
6
38
6
ЕлімайЕлімай
23
8
8
7
-1
32
7
ТобылТобыл
24
9
4
11
-3
31
8
ҰлытауҰлытау
24
8
7
9
-5
31
9
ЖеңісЖеңіс
24
7
8
9
-6
29
10
КаспийКаспий
24
7
5
12
-9
26
11
АтырауАтырау
23
4
11
8
-6
23
12
ҚызылжарҚызылжар
24
6
5
13
-12
23
13
АлтайАлтай
24
5
7
12
-12
22
14
ЖетісуЖетісу
24
5
7
12
-16
22
15
ҚайсарҚайсар
24
3
11
10
-12
20
16
ЕртісЕртіс
23
4
8
11
-10
20