Матч орталығы

Хоккей
РесейКХЛ
Ак БарсАк Барс
21:00Бүгін
АвангардАвангард
Хоккей
РесейКХЛ
Динамо МинскДинамо Минск
21:10Бүгін
БарысБарыс
Хоккей
РесейКХЛ
ЦСКАЦСКА
21:30Бүгін
ТракторТрактор
Футбол
ГерманияГермания кубогы
ПадерборнПадерборн
22:00Бүгін
ШтутгартШтутгарт
Футбол
ЕуропаУЕФА жасөспірімдер лигасы
МТК U19МТК U19
22:00Бүгін
Кайрат U19Кайрат U19
Футбол
ГерманияГермания кубогы
ФрайбургФрайбург
22:00Бүгін
ВольфсбургВольфсбург
Футбол
ИталияА сериясы
МиланМилан
22:30Бүгін
БолоньяБолонья
Футбол
ИталияА сериясы
ПармаПарма
22:30Бүгін
УдинезеУдинезе
Футбол
ИталияА сериясы
ВенецияВенеция
22:30Бүгін
ИнтерИнтер
Футбол
НидерландНидерланд кубогы
СпартаСпарта
22:45Бүгін
ФортунаФортуна
Футбол
ИспанияИспания кубогы
УтебоУтебо
23:00Бүгін
СабадельСабадель
Футбол
ИспанияИспания кубогы
АнайтасунаАнайтасуна
23:00Бүгін
АлавесАлавес
Футбол
ИспанияИспания кубогы
КорухоКорухо
23:00Бүгін
ЗамораЗамора
Футбол
ИспанияИспания кубогы
ПамплонаПамплона
23:00Бүгін
ЭйбарЭйбар
Футбол
ИспанияИспания кубогы
ПобленсеПобленсе
23:00Бүгін
СеутаСеута
Футбол
ИспанияИспания кубогы
ЦД ТаранконЦД Таранкон
23:00Бүгін
ЛевантеЛеванте
Футбол
ИспанияИспания кубогы
Тривал ВальдерасТривал Вальдерас
00:00Ертең
ЛеганесЛеганес
Футбол
ИспанияИспания кубогы
АморебьетаАморебьета
00:00Ертең
ЛогронесЛогронес
Футбол
ИспанияИспания кубогы
КовадонгаКовадонга
00:00Ертең
ВальядолидВальядолид
Футбол
ИспанияИспания кубогы
АлькояноАлькояно
00:00Ертең
МальоркаМальорка

«Ұлттық құрамаға дайынмын»: Қалдыбеков – Кумыков, «Қайсар» және келесі клубы жайлы

12.11.2025 11:13

«Ұлттық құрамаға дайынмын»: Қалдыбеков – Кумыков, «Қайсар» және келесі клубы жайлы

Фото: Ерсұлтан Қалдыбеков

Маусым басын «Атырауда» бастап, жазда қызылордалық «Қайсарға» ауысқан жартылай қорғаушы Ерсұлтан Қалдыбеков команданың негізгі ойыншысы атанып, «қасқырларға» Премьер-лигадағы орнын сақтап қалуға көмектесті. Ойыншының тұрақтылығын байқаған ұлттық құраманың бапкерлік штабы 23 жасар ойыншыны кеңейтілген тізімге қосты. 

ASnews.kz сайтына берген сұхбатында Қалдыбеков өткен маусымды қорытындылап, және:

  • «Қайсардың» тек қазақстандық ойыншылармен өнер көрсетуі жайлы айтты;
  • Виктор Кумыковтың ойын стилінің ерекшеліктерін атап өтті;
  • ұлттық құраманың абыройын қорғауға дайын екенін жеткізді;
  • және болашақ клубы жайлы сөз қозғады.

– Ерсұлтан, өткен маусымды өзіңіз үшін қалай бағалайсыз?

– Өткен маусымға ешқандай ренішім жоқ. Керісінше, оң баға беремін. Ол мен үшін трамплин сияқты болды, өйткені Қазақстан Премьер-лигасында ең көп ойын өткізген маусымым болды. Алаңға негізгі құрам ойыншысы ретінде шықтым. Алайда бұл менің шарықтау шегім емес екенін түсінемін.

– Маусым ортасында команда ауыстырдыңыз. «Қайсар» сізге қалай ұсыныс жасады?

– «Атырау» сапында «Қайсарға» қарсы ойын өткіздім. Матчтан кейінгі күні клубтың спорттық директоры Мақсат Дүйсенбекұлы Байжанов хабарласып, мені командада көргісі келетінін айтып, ұсыныс жасады. 

– Барлығы өткен маусымдағы қызылордалық команданың ауызбіршілігін ерекше атап өтуде. Сол құрамның ойыншысы ретінде осы жайлы көбірек айтып бересіз бе?

– Ішкі атмосфера өте керемет. Тек қана қазақтар болған соң, барлық іс-шаралар «өзіміз отырып шай ішейік» форматында өтті. Бәрі таза қазақша сөйлейді. Команда рухын ұстап жүрген жігіттер бар – Айбол Әбікен, Думан Нәрзілдаев, Абылайхан Төлегенов, Нұрымжан Салайдин, Қуаныш Қалмұратов және Әділет Кеңесбек ағаларымыз. Сол кісілерге үлкен алғыс айтамын. Мені жылы қабылдады және команданың ішкі өмірімен жақсы таныстырды.

– Команда түгел қазақстандық ойыншылармен ойнап шықты. Премьер-лигада легионерсіз бәсекеге түсу қиын ба әлде шынымен де мүмкін нәрсе ме? 
– Бұл әбден мүмкін. Оны «Қайсар» да, «Оқжетпес» те дәлелдеді. Өз елімізде легионерлерден еш бір жері кем болмайтын қазақ балалары өте көп.

– Маусымның екінші жартысында Виктор Кумыковтың қол астында ойнадыңыз. Бапкердің командамен және сізбен қарым-қатынасы жайлы айтсаңыз. Ол баптаған барлық ойыншы маманның өте мықты екенін атап өтеді.

– Ол өте тәжірибелі маман. «Қайсарға» ауысқаннан кейінгі алғашқы теоретикалық сабақтар кезінде ол кісіден біраз нәрсе түйіп алдым. Оның өзіндік футболы бар. Осы ойынымен біраз командаларда жақсы нәтижелерге жетіп жүрді. Барлық қарсылас «Қайсардың» стандарттарынан қорқатын. Стандарттық жағдайлар – Виктор Балютұлының негізгі құралы еді. Барлық қарсыластар әсіресе осы тұсқа назар аударатын. 

– «Қайсармен» жасаған келісімшартыңыз осы жылдың соңында бітеді. Командада қалғыңыз келеді ме, әлде басқа клубтардан ұсыныс келіп түсті ме?

– Оны әзірше нақты айта алмаймын. Алайда командалардан ұсыныс түсіп жатыр. Әртүрлі клуб өкілдері маған хабарласты. Қазір ойлану үстіндемін. Сәл демалып, ойланып, кейін бір шешімге келемін. 

– Жаз мезгілі кезінде де сізде бірнеше клубтан ұсыныс болды. Не себептен «Қайсарды» таңдадыңыз?

– Виктор Балютұлы тікелей маған хабарласты. Сол кезде ол маған толықтай сенетінін және негізгі құрамда ойнауға мүмкіндік беретінін жеткізді. Дәл сол себепті «Қайсарға» көшемін деп шештім.

– Кумыков қызметінен кетті деген ақпарат тарап жатыр. Бапкердің келісімшартының аяқталуына байланысты өзің де клуб ауыстыруың мүмкін бе?

– Иә, бұл жайында мен де оқыдым. Оның кетуіне орай, ол кісіге алғыс білдіргім келеді. Бапкер маған сенім артып, жаңа деңгейге шығуыма септігін тигізді. Мүмкін, алдағы уақытта тағы жолымыз тоғысатын шығар, ол басқа клубты тізгіндегенде. Қазір клуб ауыстыруым да, «Қайсарда» қалуым да мүмкін. Әзірше нақты айта алмаймын.

– Биыл Қызылордада жаңа стадионның ашылуы өтті. Алайда «Қайсар» әлі бұл аренада ойын өткізген жоқ. Өзіңіз осы жаңа стадионды көрдіңіз бе?

– Өте керемет арена. Біз командамен Кубоктың финалдық ойынын тамашаладық. Өте керемет болды. Тек қана стадион емес, бүкіл Қызылорда қаласы дамып жатыр. Біраз жұмыстар атқарылып жатқанына қуаныштымын. Бұл стадионда ресми матч өткізбедік, алайда бір жаттығу жасап үлгердік. Сол жаттығу кезінде біз тамаша әсер алдық.

– Ұлттық құрамаға тоқталсақ. Бапкерлік штаб тарапынан қызығушылық болды ма? Сізді бапкерлер бақылап жүр деген қауесет естідік.

– Шынымды айтсам, осы жылы Ұлттық құрама туралы көп ойламадым. Бар ойым өзімнің клубымда негізгі ойыншы болып, жақсы өнер көрсету болатын. Алайда жақында кеңейтілген тізімге түскенімді естідім. Сол кезде бір қуанып қалдым. Қазақ тілінде «талпыныс табысқа жетелейді» деген сөз бар. Сол себепті, қазір өзіме негізгі құрамға түсу керек деген мақсат қойдым. Ойыншы ретінде өзіме сенімдімін және халықаралық деңгейдегі үлкен матчтарға дайынмын деп ойлаймын.

– «Қайсардан» Айбар Жақсылықов та кетеді деп жатыр. Былтырғы Ұлттар лигасында Айбар үнемі Ұлттық құрама сапында ойнап жүрді. Топ жарып, шетелде ойнауы мүмкін бе?

– Бұл туралы естімедім. Мүмкін, солай да болып қалуы мүмкін. Айбар ұлттық құрамада ойнауға әбден лайық. Қазақстанның кез-келген клубына барса, шабуыл шебін күшейтеніне күмәнім жоқ. Бұрыннан-ақ өзін дәлелдеп тастаған футболшы. Жылдамдығы да бар, мүмкіндіктерді голға айналдыру жағынан да жақсы шабуылшы. Ол тіпті шетелде де ойнауға қабілетті.

– Темірлан Мұрзағалиев жайлы айтып өтсеңіз. Ол да Ұлттық құраманың бапкерлік штабының бақылауында. Ойыншының әлеуетін қалай бағалайсыз?

– Темірланмен «Қайсарға» келгенде таныстым. Онымен бірге ойнағанда жақсы әсер қалды. Жастығына қарамастан, салқынқанды ойнай біледі. Бұл – қорғаушыға тән қасиет. Бойы да бар, әуедегі доптарға да жақсы таласады. Менің ойымша, бір-екі жылда Ұлттық құрамада әбден ойнап кетуге мүмкіндігі бар ойыншы. 

– Келесі жылға жеке ойыншы ретінде алдыңызға қандай мақсат қоясыз?

– Әр ойында өзімнің максимумымды көрсету. Командамен бірге жарқын жеңістерге жету және ұлттық құраманың негізгі ойыншысына айналу.

Басты жаңалықтар

ҚПЛ  28 қазан, 17:15

«Шахтер» Қазақстан құрамасының көшбасшысын алуды көздеп отыр

1
ҚПЛ  28 қазан, 14:41

ҚФФ-ның бұрынғы функционері «Қызылжарды» басқарғысы келеді

2
Халықаралық футбол  28 қазан, 10:58

Сәтпаевтың клубы ұшып кетпей ме? «Бернлидің» Чемпионшиптегі қорытынды орнына болжам айтылды

3
ҚПЛ  28 қазан, 08:14

«Холанд «Ситиде», ал мен «Ордабасыдамын»: Бьорн Йонсен Норвегия құрамасына оралу мүмкіндігін бағалады

4
Басқа  27 қазан, 21:11

Футзал комментаторлары алдындағы берешек осы аптада өтеле бастайды: ҚФФ диалогқа қосылды

5
ҚПЛ  27 қазан, 19:44

«Қайрат» Қазақстан құрамасының ойыншысына қызығушылық танытуда

6
Барлық жаңалықтар

Турнирлік кесте

Қазақстан Премьер-Лигасы
#
Команда
О
Ж
Т
Ұ
+/-
Ұпай
1
ОрдабасыОрдабасы
29
21
5
3
38
68
2
ҚайратҚайрат
29
19
7
3
37
64
3
АстанаАстана
29
15
8
6
17
53
4
ОқжетпесОқжетпес
29
15
6
8
8
51
5
АқтөбеАқтөбе
29
13
7
9
7
46
6
ЕлімайЕлімай
29
12
9
8
2
45
7
ТобылТобыл
29
12
5
12
1
41
8
ҰлытауҰлытау
29
9
8
12
-8
35
9
ЖеңісЖеңіс
29
8
9
12
-9
33
10
КаспийКаспий
29
9
6
14
-11
33
11
ҚызылжарҚызылжар
29
8
6
15
-12
30
12
ЕртісЕртіс
29
7
8
14
-15
29
13
АтырауАтырау
29
5
12
12
-11
27
14
АлтайАлтай
29
6
9
14
-11
27
15
ЖетісуЖетісу
29
6
8
15
-18
26
16
ҚайсарҚайсар
29
4
13
12
-15
25