Матч орталығы
Александр Глеб – Қазақстанның оңбай жеңілгені туралы: Мұншалықты оңай болады деп ойламадым
06.06.2025 16:30

Фото: Ислам Чесноков
«Арсенал», «Барселона» және Беларусь құрамасының бұрынғы жартылай қорғаушысы Александр Глеб өз ұлттық құрамасының Қазақстанға қарсы жеңісті ойынынан (4:1) алған әсерімен бөлісті.
«Беларусь құрамасы ойыннан ойынға ілгерілеп келеді. Өткен цикл оның дұрыс бағытта келе жатқанын көрсетті. Бір қуантатыны: команда сенімді және жинақы әрекет етіп, қорғаныстан шабуылға жылдам көшуде. Бұл жаттықтырушылар штабының арқасы – (Карлос) Алос жақсы микроклимат құра білді, сондықтан жігіттер 100 пайызға барын салып ойнауда.
Қазақстанға қарсы ойында мұншалықты оңай болады деп күтпеген едім. Жігіттер үйлескен түрде әрекет етіп, прессинг арқылы қарсыласын қарапайым сәттерде қателесуге мәжбүр етті. Бұл қателіктерді есепке алмағанның өзінде, қазақтар баяу қимылдады, жиі артқа пас беріп, доппен ұзақ жүрді. Сол әрекетімен-ақ біздің командаға қорғанысқа қайтып оралуға мүмкіндік берді», - деді Глеб BorodAbata.kz сайтына берген сұхбатында.
Кеше Беларусь құрамасы «Борисов Аренада» Әли Әлиев шәкірттерін ірі есеппен жеңді. Валерий Громико, Валерий Бочеров, Трофим Мельниченко және Евгений Шикавканың соққан төрт голына Қазақстан матчтың 74-минутында Ғалымжан Кенжебектің бір ғана голымен жауап қатты.
Тағы да оқыңыз
Басты жаңалықтар
Барлық жаңалықтар
Турнирлік кесте
Қазақстан Премьер-Лигасы
#
Команда
Ұпай
1
58
2
57
3
45
4
42
5
41
6
35
7
32
8
31
9
31
10
26
11
23
12
23
13
23
14
22
15
22
16
20