«Елімай» шабуылшысы Карповичтің кетуі туралы: бұны ешкім күтпеген еді

20 қараша, 15:33

«Елімай» шабуылшысы Карповичтің кетуі туралы: бұны ешкім күтпеген еді

Фото: Андрей Карпович және Роман Мұртазаев

Семейлік «Елімайдың» шабуылшысы Роман Мұртазаев 2026 жылғы Қазақстан премьер-лигасының соңғы туры алдында бас бапкер Андрей Карповичтің күтпеген жерден қызметінен кетуіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ASnews.kz.

«Андрей Владимирович кеткен кезде, онымен бірге бүкіл бапкерлер штабы да кетеді деп ешкім күткен жоқ. Соңғы ойынға команданы қосалқы құрамның жаттықтырушысы дайындады. Мұның неліктен бұлай болғанын біз де онша түсінбедік. Бірақ басшылықтың шешімі осындай болды – «Оқжетпеске» қарсы шешуші матчты бас бапкерсіз өткіздік. Негізі екі-ақ күн қалған еді, бапкерлер штабы маусымды аяқтап, қызметінен тыныш кететін шығар деп ойлағанмын. Қалай істесе, солай болды – бұл жағдайды қабылдауға тура келді», – деді 33 жастағы форвард «Футбол Жолы» YouTube-арнасына берген сұхбатында.

Еске сала кетейік, өткен ҚПЛ маусымының қорытындысы бойынша «Елімай» 30 турда 45 ұпай жинап (12 жеңіс, 9 тең ойын және 9 жеңіліс), турнирлік кестеде алтыншы орынға тұрақтады. Мұртазаевтың өзі чемпионаттың 27 матчына қатысып, 10 гол соқты және бір нәтижелі пас берді.

«Ертісте» жарты жыл бойы жалақы төлемеді»: Мұртазаев ҚПЛ-дегі қарыздар туралы айтты

Басты жаңалықтар

ҚПЛ  20 қараша, 16:22

«Ордабасының» жаңа шабуылшысы кім? Виктор Бонифейс, өмірбаяны, жетістіктері және жалақысы

1
ҚПЛ  20 қараша, 15:33

«Елімай» шабуылшысы Карповичтің кетуі туралы: бұны ешкім күтпеген еді

2
ҚПЛ  20 қараша, 13:44

Андрей Мартин: «Ордабасыдан» кеткеннен кейін үзіліс алмаймын

3
ҚПЛ  20 қараша, 12:21

«Ақтөбе» жаңа маусымға бас бапкерін анықтады

4
ҚПЛ  20 қараша, 10:10

«Алтайды» кім басқарады: клубтың жаңа инвесторы «AN Groups» туралы не белгілі

5
Ұлттық құрама  20 қараша, 08:20

Қазақстан құрамасының бапкерлігіне үміткер болған маман Катарға тағайындалуға жақын

6
Барлық жаңалықтар

Турнирлік кесте

Қазақстан Премьер-Лигасы
#
Команда
О
Ж
Т
Ұ
+/-
Ұпай
1
ОрдабасыОрдабасы
30
21
5
4
36
68
2
ҚайратҚайрат
30
19
8
3
37
65
3
АстанаАстана
30
15
9
6
17
54
4
ОқжетпесОқжетпес
30
16
6
8
11
54
5
АқтөбеАқтөбе
30
14
7
9
8
49
6
ЕлімайЕлімай
30
12
9
9
-1
45
7
ТобылТобыл
30
12
5
13
0
41
8
ЖеңісЖеңіс
30
9
9
12
-8
36
9
ҰлытауҰлытау
30
9
8
13
-11
35
10
ҚызылжарҚызылжар
30
9
6
15
-11
33
11
КаспийКаспий
30
9
6
15
-12
33
12
ЕртісЕртіс
30
8
8
14
-13
32
13
АтырауАтырау
30
6
12
12
-8
30
14
АлтайАлтай
30
6
10
14
-11
28
15
ЖетісуЖетісу
30
6
9
15
-18
27
16
ҚайсарҚайсар
30
4
13
13
-16
25