Матч орталығы
«Ордабасы» шетелдік шабуылшысымен қоштасады
15 қараша, 12:41

Фото: Эвертон Мораес
Шымкенттік «Ордабасы» бразилиялық шабуылшы Эвертон Мораеспен келісімшартты ұзартуды жоспарлап отырған жоқ, деп хабарлайды ASnews.kz.
24 жастағы футболшының келісімшарты жыл соңында аяқталады, содан кейін ол командадан кетеді.
Мораес «Ордабасы» сапында 2025 жылдың ақпанынан бері өнер көрсетіп келеді. Өткен маусымда шабуылшы 29 матч өткізіп, бес гол соқты және төрт нәтижелі пас берді. Сондай-ақ ол командамен бірге чемпионат пен ел Кубогын жеңіп алып, «алтын дубль» жасады.
Ойыншының нарықтық құны 350 мың евроға бағаланады. Қазақстанға келгенге дейін форвард отанында бразилиялық «Баия», «Лондрина» және «Новуризонтино» клубтарында ойнаған.
Сарапшы еуропалық құрама ойыншысының ҚПЛ-ға ауысу мүмкіндігін бағалады
Әлім Динасылов