Матч орталығы
«Тобыл» бұрынғы футболшысына қарыз болып қалды: толығырақ
12 қараша, 18:55

Фото: Ахмед Эль-Мессауди
Қостанайлық «Тобыл» Марокко құрамасының бұрынғы жартылай қорғаушысы Ахмед Эль-Мессаудиге қарыз болып қалды, деп хабарлайды ASnews.kz.
Футболшының «Тобылмен» жасасқан келісімшартында нәтижелі әрекеттер үшін сыйақы қарастырылған. Қостанайлық команда сапында өткізген екі маусым ішінде 31 жастағы марокколық 15 гол соғып, 14 нәтижелі пас бергенімен, тиесілі қаржылай сыйақысын әлі күнге дейін алмаған.
«Біз ФИФА-ға жүгінгіміз келмейді, өйткені Ахмед бұл клуб пен жанкүйерлерді қатты құрметтейді. Бірақ қазір мәселе тек ақшада емес, адами қарым-қатынаста болып тұр. Қоңырауларды жауапсыз қалдыруға бола ма?» – деді ойыншының өкілі.
Сонымен қатар клуб қарыздың бар екенін растап, оны қысқа мерзім ішінде өтеуге уәде берді.
Еске сала кетейік, Ахмед Эль-Мессауди «Тобылға» 2024 жылы нидерландтық «Эмменнен» ауысып келген еді. 59 матч өткізген жартылай қорғаушы Қазақстан Кубогы мен Суперкубогын жеңіп алды. Бұған дейін «Гронинген» мен «Стандард» сапында өнер көрсеткен. Қазіргі таңда Эль-Мессауди қытайлық «Циндао Хайню» клубында ойнайды.
Ахмет Ержанов