Матч орталығы
Андрей Мартиннің «Ордабасыдан» кетуінің негізгі себебі белгілі болды
10 қараша, 16:29

Фото: Андрей Мартин
Шымкенттік «Ордабасы» басшылығы құрамды жасақтау және селекциялық жұмыс мәселелеріндегі келіспеушіліктерге байланысты бас бапкер Андрей Мартинмен қоштасу туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды ASnews.kz.
52 жастағы молдовалық маманның қызметтен кетуіне оның клубтың трансферлік саясатына белсенді түрде араласуы басты себеп болды. Шымкенттік менеджмент бапкердің кадрлық шешімдерін құптаған жоқ, соның салдарынан командаға деңгейі орташа футболшылар келген еді. Оның үстіне, бапкердің бастамасымен бұл ойыншылар үшін негізсіз өте жақсы қаржылық жағдайлар жасалған.
Осыған дейін 26 қазан күні ASnews.kz порталы «Ордабасы» басшылығы Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңі қарсаңында Мартинді алмастыратын бапкер іздеп еуропалық нарыққа шыққанын хабарлаған болатын. Клуб Еуропада үлкен жұмыс тәжірибесі бар маман іздеп, Қазақстан чемпионаты үшін бұрын-соңды болмаған жағдай – жылына 2 млн еуроға дейін жалақы ұсынған еді.
Еске салсақ, Андрей Мартин «Ордабасыны» 2024 жылдың желтоқсанынан бастап жаттықтырып, Шымкентте екі жыл жұмыс істеді. 2026 жылғы маусым ол үшін триумфқа айналды: молдовалық маманның басшылығымен команда өз тарихында тұңғыш рет алтын дубль жасады.
Шымкенттіктер 68 ұпай жинап, мәреге бір тур қалғанда чемпиондық атаққа қол жеткізіп, Қазақстан Премьер-лигасын жеңіп алды, сондай-ақ бес матчта бес жеңіске жетіп, Қазақстан Кубогының иегері атанды. Мартин «Ордабасы» тізгінінде жалпы саны 69 ойын өткізді: 39 жеңіс, 15 тең ойын және 15 жеңіліс, соғылған және жіберілген доптар айырмасы 121:63 (әр ойынға орта есеппен 1,91 ұпай). Бұған дейін маман молдовалық «Дачия» және «Петрокуб» клубтарын жаттықтырған болатын.
Чемпиондық пен Кубок та көндірмеді: Андрей Мартин «Ордабасыда» не істеп үлгерді
Әлім Динасылов