Матч орталығы
«Аталантаның» бұрынғы ойыншысы: «Тобыл» ҚПЛ-дың үздік үштігінде болуы керек
4 қараша, 10:27

Фото: «Тобыл» ФК
Қостанайлық «Тобылдың» бұрынғы шабуылшысы Годберг Купер ASnews.kz сайтына берген сұхбатында ҚПЛ-2026 маусымындағы бұрынғы командасының нәтижелері туралы пікірін бөлісті.
«Мен әлі де «Тобылды» бақылап отырамын. Маған ол жақта өте жайлы болды және команданы мұндай орында көру маған ауыр тиеді. Онда көптеген достарым қалды, әсіресе клубта жұмыс істейтін Дәурен. Бірақ олардың одан да мықты болып оралатынына сенімдімін, өйткені «Тобылдың» орны – сөзсіз үздік үштікте. Кім біледі, бәлкім, мен ол жаққа әлі оралармын», – деді италиялық форвард.
Өткен премьер-лига-2026 маусымының қорытындысы бойынша қостанайлық «Тобыл» 41 ұпай жинап, турнирлік кестеде жетінші орынға табан тіреді.
Айта кетейік, «Аталантаның» 29 жастағы түлегі Годберг Купер қостанайлықтар сапында 2024 жылы өнер көрсетіп, клубпен бірге Қазақстан Суперкубогын жеңіп алды (15 матч, екі гол). Қазіргі уақытта шабуылшы мальталық «Бирзеббуджа Ст. Питерс» клубында ойнайды.
ҚПЛ экс-ойыншысы – «Қайрат» пен «Аталанта» ойыны туралы: нағыз қазақи мінез көрсету керек
Әлім Динасылов