Матч орталығы
Арсен Әшірбекке «Ақтөбеден» басқа да клубтар қызығуда: толығырақ
4 қараша, 12:33

Фото: Арсен Әшірбек
Қазақстан ұлттық құрамасы мен семейлік «Елімайдың» оң жақ қорғаушысы Арсен Әшірбек маусымаралық кезеңде премьер-лиганың бірнеше клубының назарына ілікті, деп хабарлайды ASnews.kz.
Футболшы үшін күресте «Ақтөбе» басты фаворит саналады. Ақтөбеліктерден бөлек, ойыншыға шымкенттік «Ордабасы» да көз тігіп отыр. Қолда бар мәліметтерге сәйкес, «ақ-қызылдар» қорғаушыға айына 10 миллион теңгеге дейін жалақы ұсынуға дайын.
Айта кетейік, 23 жастағы Әшірбектің «Елімаймен» келісімшарты осы жылдың соңына дейін жарамды. Өткен маусымда ол семейлік клуб сапында барлық додада 30 матч өткізіп, өзінің еншісіне үш гол мен төрт нәтижелі пас жазды.
Қорғаушы – «Тараз» футбол мектебінің түлегі, ал «Елімай» қатарына 2026 жылдың басында көкшетаулық «Оқжетпестен» ауысқан еді. Әшірбектің еншісінде Қазақстан құрамасы сапында өткізген алты матчы бар.
Әлім Динасылов