Матч орталығы
Ұлттық құрама ойыншысы қыста клубын ауыстыруы мүмкін: толығырақ
15 қазан, 16:12

Фото: Наурызбек Жагоров
Қазақстан ұлттық құрамасының оң қаптал қорғаушысы Наурызбек Жагоров алдағы қыста үзілісте қостанайлық «Тобылдан» кетуі мүмкін, деп хабарлайды ASnews.kz.
28 жастағы футболшының қостанайлықтармен келісімшарты осы жылдың соңында аяқталады. Ойыншыға қызығушылық танытып отырған клубтардың қатарында петропавлдық «Қызылжар» бар. Биылғы маусымда Жагоров «Тобыл» сапында 31 матч өткізіп, бір нәтижелі паспен көзге түсті.
Қорғаушы қостанайлық «Тобыл» сапына 2025 жылдың басында «Атыраудан» ауысып келген болатын. Қостанайда өнер көрсеткен уақытында ол Қазақстан Кубогы (2025) мен ел Суперкубогының (2026) иегері атанды. Бұған дейін Жагоров «Қыран», «Ақжайық», «Екібастұз» және «Оқжетпес» командаларының намысын қорғаған. Ал Қазақстан ұлттық құрамасында 28 жастағы футболшы сегіз кездесу өткізіп, бір нәтижелі пас берді.
Ұлттық құрамадағы орнын жоғалтты: «Тобыл» жартылай қорғаушысы клубын ауыстыруы мүмкін
Әлім Динасылов