Матч орталығы
Уразбахтин ашулы ма? «Қайрат» өз түлегімен қоштасады
13 қазан, 19:22

Фото: «Қайрат» ФК
24 жастағы қазақстандық қорғаушы Лев Кургин маусым соңында «Қайраттан» кетеді, деп хабарлайды ASnews.kz.
Қазақстан жастар құрамасының бұрынғы ойыншысы «Қайратпен» келісімшарт мерзімі аяқталғаннан кейін клубын ауыстырмақ. Оның алматылық ұжыммен келісімі 2026 жылдың соңына дейін жарамды.
Айта кетейік, өткен қыста алматылық клуб қапталдағы қорғаушыға қызығушылық танытқан екі бірдей ресейлік команданың ұсынысынан бас тартқан болатын. Сонымен қатар, Лев Кургиннің трансферіне қатысты шымкенттік «Ордабасы» да сұрау салған еді.
Футболшының «Қайратта» одан әрі қалуы бас бапкер Рафаэль Уразбахтинмен қарым-қатынасы нашарлағаннан кейін мүмкін болмай қалды. ҚПЛ-дың 26-туры аясындағы «Тобылға» қарсы матчтың (1:4) 34-минутында өз түлегін алмастырған бапкер оның қолынан қағып жіберіп, ашық түрде наразылығын көрсеткен:
«Әрине, мен Левтің ойынына қатты көңілім толмады. Аут пен ереже бұзушылықтан кейін голдардың бірін қарсыласқа өзіміз сыйға тарттық», – деді 47 жастағы маман баспасөз мәслихаты барысында.

Еске салайық, биылғы маусымда Кургин 18 ойын өткізіп, екі нәтижелі пас берді. Бұған дейін португалиялық легионер Луиш Матаның бәсекелесі «Қайрат-Мәскеу» сапында да өнер көрсеткен.
Әлишер Аманжол