Матч орталығы
Қазақстан құрамасының қорғаушысы ҚПЛ клубынан кетуі мүмкін
29 қараша, 18:55

Фото: Наурызбек Жагоров
Қостанайлық «Тобылдың» әмбебап футболшысы Наурызбек Жагоров командасын ауыстыруға жақын, деп хабарлайды ASnews.kz.
28 жастағы ойыншыға Қазақстан премьер-лигасының басқа клубтарынан бірнеше ұсыныс түскен. Футболшы қапталдағы қорғаушы позициясын жаба алады, сондай-ақ қажет болған жағдайда тірек аймағында да ойнай алады.
Өткен маусымда Жагоров «Тобыл» сапында барлық додада 33 матч өткізіп, бір нәтижелі паспен көзге түсті.
Бұған дейін футболшы мансабында «Атырау», «Оқжетпес», «Ақжайық», «Екібастұз» және «Қыран» клубтарында өнер көрсеткен. Сондай-ақ қорғаушының еншісінде Қазақстан ұлттық құрамасы сапындағы 10 матч пен бір ассист бар.
🔥 Ең соңғы жаңалықтар, инсайдтар мен трансферлер – біздің Telegram арнамызда.
Әлім Динасылов