Матч орталығы
«Тобыл» «Атыраудың» екі қазақстандық футболшысына көз тікті
29 қараша, 20:32

Фото: Ринат Жұматов пен Қуаныш Қалмұратов
Қостанайлық «Тобыл» «Атыраудың» екі ойыншысы – Қуаныш Қалмұратов пен Ринат Жұматовты қатарына қосуға мүдделі, деп хабарлайды ASnews.kz.
30 жастағы қапталдағы қорғаушы Қуаныш Қалмұратов «мұнайшылар» сапын ағымдағы жылдың ақпан айында «Қайсардан» ауысып толықтырған болатын. Өткен маусымда ол «Атырау» жейдесінде барлық додада 31 матч өткізіп, үш гол соқты және бес нәтижелі пас берді. Бұған дейін ойыншы мансабында «Тараз», «Тұран» және «Астана-1964» клубтарында өнер көрсеткен.
29 жастағы орталық жартылай қорғаушы әрі «Атырау» капитаны Ринат Жұматов өткен маусымда барлық додада 17 кездесуге қатысты. Туған клубынан бөлек, хавбек «Мақтаарал» сапында да ойнаған.
Еске сала кетейік, 2026 жылғы маусымның қорытындысы бойынша қостанайлық «Тобыл» 41 ұпай жинап, қазақстандық премьер-лиганың жарыс кестесінде жетінші орын алды.
🔥 Ең соңғы жаңалықтар, инсайдтар мен трансферлер – біздің Telegram арнамызда.
Әлім Динасылов