Матч орталығы
Қазақстанда МЮ футбол клубы пайда болды
29 қараша, 21:24

Фото: «Mental United»
Тараз қаласында «Mental United» атты жаңа футбол клубының іргесі қалануда, деп хабарлайды ASnews.kz.
Қазіргі таңда команда Жамбыл облысы мен Тараз қаласының әуесқой футбол және футзал ұжымдарын біріктіретін басты аймақтық ұйым – Тараз әуесқой футбол лигасында өнер көрсетіп жүр. Ал 2028 жылғы маусымнан бастап клуб Қазақстанның екінші лигасына қатысуды жоспарлап отыр. Осылайша, жаңа ұжым әйгілі «Тараздан» кейін өңірдегі екінші кәсіби команда атануды көздейді.
«Mental United» жобасының негізін тараздық кәсіпкер, Mental Sales компаниясының басшысы Темірхан Тастеміров қалады. Бастаманың басты мақсаты – жергілікті жас футболшыларға кәсіби деңгейге жол ашу және өңір футболының дамуына серпін беру.
🔥 Ең соңғы жаңалықтар, инсайдтар мен трансферлер – біздің Telegram арнамызда.
Әлім Динасылов