Матч орталығы
«Тобыл» қызметкерлерінің төрешілер дауына қатысы бар деген ақпаратты жоққа шығарды
9 қазан, 23:00

Фото: «Тобыл» ФК
Қостанайлық «Тобыл» клубтың қазіргі қызметкері төрешілікке қатысты мәселелер бойынша Қазақстан футбол федерациясына (ҚФФ) шақыртылды деген ақпаратқа жауап берді.
Команданың баспасөз қызметі ресми мәлімдеме жасап, бұл ақпаратты үзілді-кесілді жоққа шығарды. Клуб жарияланған мәліметтердің шындыққа жанаспайтынын атап өтіп, «Тобыл» қызметкерлерінің ешқайсысы матчтардағы төрешілер жұмысына қатысты қандай да бір заңсыз әрекеттерге қатысы жоқ екенін мәлімдеді.
Сондай-ақ, «Тобыл» ұжымы әрдайым адал ойын, ашықтық және барлық регламент талаптарын сақтау қағидаттарын қатаң ұстанатынына сендірді.
🔥 Ең соңғы жаңалықтар, инсайдтар мен трансферлер – біздің Telegram арнамызда.
Ахмет Ержанов