Матч орталығы

Футбол
ЕуропаКонференциялар лигасы
ҚайратҚайрат
1:0Аяқталды
МьельбюМьельбю
Хоккей
РесейКХЛ
СпартакСпартак
1:501:42
ЦСКАЦСКА
Футбол
ЕуропаЕуропа лигасы
БешикташБешикташ
0:034
ХапоэльХапоэль
Футбол
ЕуропаКонференциялар лигасы
ЯблонецЯблонец
0:048
ЛуганоЛугано
Футбол
ЕуропаКонференциялар лигасы
ХартсХартс
2:2Үзіліс
МонакоМонако
Футбол
ЕуропаКонференциялар лигасы
ПафосПафос
1:151
МидтьюлландМидтьюлланд
Футбол
ЕуропаКонференциялар лигасы
ЭгнатияЭгнатия
1:050
Линкольн Ред ИмпсЛинкольн Ред Импс
Футбол
ЕуропаКонференциялар лигасы
АяксАякс
2:047
ТунТун
Футбол
ЕуропаКонференциялар лигасы
КауноКауно
0:0Үзіліс
РигаРига
Футбол
ЕуропаКонференциялар лигасы
ИберияИберия
1:049
ХетафеХетафе
Футбол
ЕуропаКонференциялар лигасы
БрайтонБрайтон
2:046
КрайоваКрайова
Футбол
ЕуропаЕуропа лигасы
ОлимпиакосОлимпиакос
1:049
МиланМилан
Футбол
ЕуропаЕуропа лигасы
ВикторияВиктория
4:049
БенфикаБенфика
Футбол
ЕуропаЕуропа лигасы
ЗальцбургЗальцбург
1:050
АраратАрарат
Футбол
ЕуропаЕуропа лигасы
ДинамоДинамо
0:249
БайерБайер
Футбол
ЕуропаЕуропа лигасы
МарсельМарсель
1:048
ЛевскиЛевски
Футбол
ЕуропаЕуропа лигасы
ЮнионЮнион
0:247
ЛехЛех
Футбол
ЕуропаЕуропа лигасы
СельтаСельта
1:148
БорнмутБорнмут
Футбол
ЕуропаКонференциялар лигасы
БраннБранн
0:250
ОрхусОрхус
Баскетбол
ЕуропаӘлем чемпионаты, іріктеу, Еуропа
ЧерногорияЧерногория
34:4110:00
ИспанияИспания

Жора Арутюнян «Қайраттың» Конференция лигасындағы тарихи жеңісін бағалап, Тапаловтың клубтан кетуі туралы айтты

26 қараша, 23:38

Жора Арутюнян «Қайраттың» Конференция лигасындағы тарихи жеңісін бағалап, Тапаловтың клубтан кетуі туралы айтты

Фото: Жора Арутюнян

Алматылық «Қайрат» бас бапкерінің міндетін атқарушы Жора Арутюнян УЕФА Конференция лигасы жалпы кезеңінің төртінші турында швециялық «Мьельбюді» (1:0) жеңген тарихи матчтан кейін пікір білдірді, деп хабарлайды ASnews.kz.

«Баршаңызды жеңіспен құттықтаймын, бұл жеңісті бәрі көп күтті. Біз «Мьельбюдің» өте мықты қарсылас екенін және «Аталантамен» өткен ойындағыдай оңай болмайтынын алдын ала айтқанбыз. Ойын соңында шыдауға тура келді, соңғы 15 минутта қатты қобалжыдық, бірақ төзімділік танытып, осы нәтижені жұлып алдық. Жеңісті сезіну кейінірек келеді. Мен үшін бұл ерекше сәт: клубтағы барлық сатыдан – филиал, академия және «Қайрат-Жастардан» негізгі командаға дейін өттім. Мен Алматыда туылдым, сондықтан «Қайратты» жаттықтыру туралы арманым орындалды», – деді Арутюнян.

Бапкер клубпен келісімшарты аяқталып келе жатқан жеңіс голының авторы Еркін Тапалов туралы да жеке тоқталды.

«Еркіннің келісімшарты 30 қарашада аяқталады. Ол негізгі құрамда шығып, жоғары деңгейлі футболшы әрі ұлттық құрама ойыншысы екенін дәлелдеді. Марк Гуаль доп қабылдауға артқа шегінген сәтте, әріптестерінің бос аймақтарға енуін пысықтаған едік – гол дәл осылай соғылды. Тапаловтың болашағына келсек, бұл сұрақты оның өзіне қою керек. Ал біз оған екі дүркін чемпиондық, Чемпиондар лигасы мен Конференция лигасына шыққаны және бүгінгі жеңісі үшін алғыс айтамыз».

Сондай-ақ Арутюнян қақпашы Темірлан Анарбековтің ойыны мен клубтың жас түлектерінің мінезін жоғары бағалады.

«Темірланға және оның қанша сейв жасағанына қараңыздар. «Аталантадан» кейін оның қателігі туралы көп айтылды, бірақ сол матчта команданы қанша рет құтқарғанын ешкім еске алмады. Біздің түлектердің менталитеті жүз пайыз. Тұяқбаев, Бекболат және Мрынский құрамалардан аздаған жарақатпен оралды, ал Тапалов біз қалаған қарқында 90 минут ойнауға жетпес еді. Алаңға тыңнан қосылған жігіттер қорғаныстағы барлық тапсырманы орындап, ойынды өз қақпамыздан алыстатуға тырысты. Жанкүйерлер мен 51-секторға ерекше алғыс – олардың қолдауы бүкіл матч бойы сезіліп тұрды».

Еурокубоктегі келесі қарсылас – румыниялық «Университатя» (10 желтоқсан) туралы айта келе, «Қайрат» тәлімгері команданы бұдан да күрделі сынақ күтіп тұрғанын атап өтті.

«Біз «Университатяның» ойынын шет жағалап қарап шықтық – ол «Мьельбюден» де мықты. Бәрі бізден өз алаңымызда жеңіс күтеді, ал трибуналардың толық қолдауымен бізге оңайырақ болады. Сонымен қатар келесі матч алдында U-19 командасымен спарринг өткізу идеясын ойда ұстап отырмыз: біздің жігіттер болашақ қарсыластың ойын мәнерін көрсетіп бере алар еді. «Мьельбю» алдында көптеген ойыншының құрамаларға кетуіне байланысты мұндай кездесу өткізу мүмкін болмады, бірақ желтоқсанға қарай бұл нұсқа әбден мүмкін», – деп түйіндеді Арутюнян.

Еске сала кетейік, Конференция лигасы жалпы кезеңінің төртінші турындағы матч 26 қарашада Алматыдағы Орталық стадионда өтіп, «Қайраттың» 1:0 есебіндегі жеңісімен аяқталды – жалғыз голды 14-минутта Еркін Тапалов соқты, ал голкипер Темірлан Анарбеков жеті соққыны қайтарып, кездесудің үздік ойыншысы атанды. Бұл жеңіс алматылық клуб үшін еуропалық клубтық турнирлердің негізгі кезеңіндегі тарихи алғашқы жеңіс болды. Турнирдегі келесі ойынын «Қайрат» 10 желтоқсанда өз алаңында румыниялық «Университатя» (Крайова) командасына қарсы өткізеді.

🔥 Ең соңғы жаңалықтар, инсайдтар мен трансферлер – біздің Telegram арнамызда.

Басты жаңалықтар

Еурокубоктар  26 қараша, 23:44

«Бұл менің соңғы ойыным болды»: Тапалов «Қайраттан» кететінін айтты

1
Еурокубоктар  26 қараша, 23:38

Жора Арутюнян «Қайраттың» Конференция лигасындағы тарихи жеңісін бағалап, Тапаловтың клубтан кетуі туралы айтты

2
Еурокубоктар  26 қараша, 22:36

Ең жоғары 10 ұпай: Анарбеков «Қайраттың» Конференция лигасындағы матчының үздік ойыншысы атанды

3
Еурокубоктар  26 қараша, 22:24

«Қайрат» «Мьельбюді» жеңіп, еурокубоктердің негізгі кезеңіндегі тарихи алғашқы жеңісіне қол жеткізді

4
Халықаралық футбол  26 қараша, 21:02

«Вальверде маған «шоколад!» деді»: қазақстандық журналист – «Реал» жұлдызымен болған оқиға туралы

5
Ұлттық құрама  26 қараша, 17:59

Мазбаев, Бабаян және Нұрдәулетов: Қазақстан құрамасына үміткерлер бапкерлердің шорт-парағы белгілі болды

6
Барлық жаңалықтар

Турнирлік кесте

Қазақстан Премьер-Лигасы
#
Команда
О
Ж
Т
Ұ
+/-
Ұпай
1
ОрдабасыОрдабасы
30
21
5
4
36
68
2
ҚайратҚайрат
30
19
8
3
37
65
3
АстанаАстана
30
15
9
6
17
54
4
ОқжетпесОқжетпес
30
16
6
8
11
54
5
АқтөбеАқтөбе
30
14
7
9
8
49
6
ЕлімайЕлімай
30
12
9
9
-1
45
7
ТобылТобыл
30
12
5
13
0
41
8
ЖеңісЖеңіс
30
9
9
12
-8
36
9
ҰлытауҰлытау
30
9
8
13
-11
35
10
ҚызылжарҚызылжар
30
9
6
15
-11
33
11
КаспийКаспий
30
9
6
15
-12
33
12
ЕртісЕртіс
30
8
8
14
-13
32
13
АтырауАтырау
30
6
12
12
-8
30
14
АлтайАлтай
30
6
10
14
-11
28
15
ЖетісуЖетісу
30
6
9
15
-18
27
16
ҚайсарҚайсар
30
4
13
13
-16
25