Матч орталығы
«Қайратқа» қарсы алаңға шықпай қоя ма?: «Жетісу» ойыншылары қарызға байланысты әкімге хат жазды
7 қазан, 23:09

Фото: «Жетісу»
Талдықорғандық «Жетісудың» футболшылары бірнеше айға созылған жалақы қарызына байланысты ҚПЛ-дың 28-туры аясында алматылық «Қайратқа» қарсы өтетін матчқа бойкот жариялауға дайын, деп хабарлайды ASnews.kz KazFootball порталына сілтеме жасап.
Команданың негізгі құрамындағы барлық ойыншы Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаевтың атына жағдайға шұғыл араласуды сұрап, ұжымдық үндеуге қол қойды.
Клуб легионерлері шілде айынан, ал қазақстандық ойыншылар тамыздан бері ақшасыз отыр. Келісімшартқа сәйкес төлемдер үш траншқа (сәуір, тамыз және қараша үшін) бөлінген. Қазіргі уақытта клуб басшылығы міндеттемелердің тек көктемгі бөлігін ғана өтеген.


Клуб басшылығы мен облыстық спорт басқармасы жалақының кешіктірілуін бюджеттің қысқартылуымен түсіндіруде. Ойыншылар жаттығулар мен матчтарға қатысуды адал жалғастырып жатқанын, алайда ауыр қаржылық жағдайға тап болғанын алға тартты. Егер қаржыландыру мәселесі шешілмесе, «Жетісу» көшбасшылары «Қайратқа» қарсы алдағы ойынға шығудан бас тартуы мүмкін.
ҚПЛ-дың 28-туры аясындағы «Қайрат» пен «Жетісу» арасындағы ойын 10 қазан күні Алматады өтеді. Қазіргі уақытта алматылық клуб турнир кестесінде екінші орында (57 ұпай) тұрса, талдықорғандықтар 22 ұпаймен ең соңғы, 16-шы сатыда келеді.
«Ақтөбе» жұлдызы Алжирге қарсы ойын туралы: ҚПЛ-дан кейін деңгейлердің айырмашылығын байқамадым
Ахмет Ержанов