Экс-министр, утильалым және регби: ҚФФ атқару комитетінің жаңа мүшесі Қанат Шарлапаев деген кім?

21 қыркүйек, 19:22

Экс-министр, утильалым және регби: ҚФФ атқару комитетінің жаңа мүшесі Қанат Шарлапаев деген кім?

Фото: Қанат Шарлапаев

«Атамекен» ҰКП төрағасы Қанат Шарлапаев Қазақстан футбол федерациясының (ҚФФ) Атқарушы комитетінің жаңа құрамына сайланды.

Қалың бұқара үшін оның есімі бір ғана тақырыппен – утилицазиялық алыммен тығыз байланысты. ASnews.kz Шарлапаевтың кім екенін және қазақстандық футболға қандай бэкграундпен келгенін баяндайды.

Қанат Шарлапаев деген кім?

Қанат Бисимбайұлы Шарлапаев 1981 жылы 9 шілдеде Саратов (Сарытау) облысында дүниеге келген. Саратов әлеуметтік-экономикалық университетін «Бухгалтерлік есеп және аудит» мамандығы бойынша бітіріп, кейін Ұлыбританияның Cranfield School of Management оқу орнында қаржы және басқару саласында магистр дәрежесін алды.

Мансабының басым бөлігін халықаралық банк секторында – «Сити» инвестбанкінің құрылымдарында өткізген. Лондон мен Прагада жұмыс істеп, Еуропа, Таяу Шығыс және Африка аймақтары бойынша стратегиялық жоспарлау жөніндегі вице-президентке дейін өсті. 2015–2017 жылдары «Ситибанк Қазақстанның» қаржы директоры, кейін Ресей, Украина және Қазақстан бойынша қаржы директоры болды, ал 2020–2022 жылдары БАӘ-де «Сити» аймақтық директоры қызметін атқарды.

Үйленген, үш бала тәрбиелеп отыр.

Мемлекеттік басқаруға келуі

2022 жылдың ақпанында Шарлапаев «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингін, ал сол жылдың қыркүйегінде Bereke Bank директорлар кеңесін басқарды.

«Бәйтерекке» тағайындалғанға дейін Шарлапаевта Ресей мен Ұлыбритания азаматтығы болған, ал Қазақстан азаматтығын 2022 жылдың соңында алды. Ресей азаматтығынан шығу 2022 жылдың қарашасында ресми және жария түрде рәсімделді.

Британдық паспортпен жағдай күрделірек болды. Ұлыбритания азаматтығынан шыққанын растайтын жария құжат ұзақ уақыт бойы болмаған еді. 2026 жылдың қаңтарында Шарлапаев «Атамекен» басшысы болып сайланғаннан кейін журналистер мен блогерлер бұл мәселені қайта көтерді. Атап айтқанда, журналист Вадим Борейко экс-министрдің неге британдық паспорты бар-жоғын растамайтынын немесе жоққа шығармайтынын бірнеше рет сұрады.

Бұл оқиғаға журналист Дмитрий Шишкин нүкте қойды. Ол Шарлапаевпен жеке байланысып, Ұлыбританиядан алынған ресми құжатты жариялады: Шарлапаев UK азаматтығын сонау 2023 жылдың қарашасында жоғалтқан. Шишкиннің сөзінше, британдық азаматтықтан шығу туралы өтініш қазақстандық азаматтыққа кіру өтінішімен бірге берілген, ал рәсімнің өзі көп уақытты қажет еткен.

Министр және утильалым

2023 жылдың 4 қыркүйегінде Шарлапаев өнеркәсіп және құрылыс министрі болып тағайындалды. Дәл осы қызметте ол үкіметтегі ең көп талқыланатын тұлғалардың біріне айналды.

Басты себеп – утильалым. «ҚР халқы утильалым мен алғашқы тіркеуге қарсы» петициясы ресми қарау үшін қажетті 50 мың қол жинаған санаулы бастамалардың бірі болды. Оның авторлары алым бәсекелестік деңгейін айтарлықтай төмендетіп, көлік бағасының өсуіне және автопарктің ескіруіне әкелді деп мәлімдеді.

2024 жылдың шілдесінде министрлік петицияны қанағаттандырудан бас тартты. Ведомствоның ұстанымы: бұл алым ескі көліктердің елге кіруін реттеп, отандық автоөнеркәсіпті жанама түрде қолдайды. ӨҚМ мәліметі бойынша, утильалым енгізілген сәттен бастап салаға General Motors, KIA, Hyundai, Skoda, Chery және басқа да өндірушілер келген.

Бұл кезеңдегі министрдің сөздері айтарлықтай резонанс тудырды. Журналистердің елде утилизация жасайтын зауыттар жоқ бола тұра, қазақстандықтардың сегіз жыл бойы не үшін алым төлеп келе жатқаны туралы сұрағына ол былай деп жауап берді: «Мен өнеркәсіп және құрылыс министрімін. Менің жұмысым – бизнестің мүмкіндіктерін дамытып, кеңейту. Қазір біз Қазақстанда екі автозауыт салып жатырмыз». Ал утилизациялық зауыттар туралы сұрақты экология министрлігіне қоюды ұсынды.

Алымды жоюды жақтаушыларды ол шетелден көлік әкеліп қайта сатумен ақша табатын адамдар ретінде сипаттады, кейін «жалған сарапшылардың тексерілмеген мәлімдемелеріне» бұдан былай пікір білдірмейтінін айтты. Алматыда өткен қоғамдық тыңдау қатысушыларының алдына ол сол күйі шықпады.

Сыншылар мұның салдарына қатаң баға берді. «Утильалымға жол жоқ!» қозғалысының көшбасшысы Санжар Боқаев алым қолданыста болған жылдардағы жіберіп алған экономикалық пайда көлемін 24,1 млрд долларға бағалады. Журналист Вадим Борейко Шарлапаевтың есімін 50 мың қол жинаған петицияның іс жүзінде еленбеуімен байланыстыратынын жазды.

Жұмыстың басқа да нәтижелері

Дегенмен, министр Шарлапаевтың мемлекеттік БАҚ атап өткен көрсеткіштері де бар. 2024 жылы елде 19 миллион шаршы метрге жуық тұрғын үй салынды – бұл тәуелсіз Қазақстан тарихындағы рекордтық көрсеткіш. Су тасқынынан кейін министрлік зардап шеккендерге арналған үйлердің құрылысына жетекшілік етті. Жер қойнауын пайдаланудың бірыңғай порталы іске қосылды.

Тағы бір маңызды жұмыс – 46 кенші қаза тапқан Костенко атындағы шахтадағы қайғылы оқиғадан кейін «АрселорМиттал Теміртаудың» Қазақстаннан кетуі. Бастапқыда компания өз активтерін 3,5 млрд долларға бағалаған, алайда келісімнің қорытынды сомасы бюджет қаражатын тартпай, 286 млн долларды құрады.

Одан кейінгі қызмет жолы

2025 жылдың 28 ақпанында Шарлапаев президенттің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі болып тағайындалды, ал сол жылдың 25 қыркүйегінде бұл қызметтен босатылып, сондай-ақ «Самұрық-Қазынаның» директорлар кеңесінен шығарылды.

2026 жылдың 23 қаңтарында «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының кезектен тыс съезінде ол бірауыздан Төралқа төрағасы болып сайланып, Райымбек Баталовтың орнын басты.

Спорт: регби, ал енді футбол

Шарлапаев футболға мүлдем бөтен адам ретінде келген жоқ. 2025 жылдың 25 қаңтарында, министр қызметінде жүрген кезде ол Қазақстан регби федерациясының президенті болып сайланған еді.

Енді регбиге ҚФФ атқару комитетіндегі – қазақстандық футболды дамыту бойынша негізгі шешімдер қабылдайтын органдағы лауазымы қосылып отыр.

Қорытындылай келе, Қанат Шарлапаев 2023 жылдың қыркүйегінен 2025 жылдың ақпанына дейін өнеркәсіп және құрылыс министрлігін басқарды. Қазір ол «Атамекен» ҰКП Төралқасын және Қазақстан регби федерациясын басқарады.

Тағы да оқыңыз

Бүгін, 19:01

«Әзірге қауіп жоқ»: Сәтпаевтың бапкері «Бернлидегі» жұмысын жалғастырады

Бүгін, 17:48

«Жұлдыз ауруы жоқ»: «Ұлытау» сұрмергені Хусановпен достығы жайлы айтты

Бүгін, 16:22

«Словакияның жеңісін күтемін»: «Қайсар» қақпашысы – Қазақстанға қарсы ойын жайлы

Бүгін, 15:44

5%-дан кем: ҚПЛ легионерлерінің ішінен кім ұлттық құрамаға шақырту алды?

Бүгін, 14:11

Мессидің клубынан келген жапондық ойыншы: Шойтымов «Ертісті» өзгертті

Бүгін, 12:01

«Ақтөбеге» провокация істегім келмеді»: «Ұлытау» сұрмергені – Хусанов пен ұлттық құрама жайлы

Басты жаңалықтар

ҚПЛ  21 қыркүйек, 19:22

Экс-министр, утильалым және регби: ҚФФ атқару комитетінің жаңа мүшесі Қанат Шарлапаев деген кім?

1
Халықаралық футбол  21 қыркүйек, 19:01

«Әзірге қауіп жоқ»: Сәтпаевтың бапкері «Бернлидегі» жұмысын жалғастырады

2
ҚПЛ  21 қыркүйек, 17:48

«Жұлдыз ауруы жоқ»: «Ұлытау» сұрмергені Хусановпен достығы жайлы айтты

3
Ұлттық құрама  21 қыркүйек, 16:22

«Словакияның жеңісін күтемін»: «Қайсар» қақпашысы – Қазақстанға қарсы ойын жайлы

4
ҚПЛ  21 қыркүйек, 15:44

5%-дан кем: ҚПЛ легионерлерінің ішінен кім ұлттық құрамаға шақырту алды?

5
ҚПЛ  21 қыркүйек, 14:11

Мессидің клубынан келген жапондық ойыншы: Шойтымов «Ертісті» өзгертті

6
Барлық жаңалықтар

Турнирлік кесте

Қазақстан Премьер-Лигасы
#
Команда
О
Ж
Т
Ұ
+/-
Ұпай
1
ОрдабасыОрдабасы
26
19
4
3
33
61
2
ҚайратҚайрат
26
17
6
3
31
57
3
АстанаАстана
25
14
6
5
17
48
4
ОқжетпесОқжетпес
26
13
6
7
6
45
5
АқтөбеАқтөбе
26
12
6
8
7
42
6
ЕлімайЕлімай
25
10
8
7
2
38
7
ТобылТобыл
26
10
4
12
-2
34
8
ҰлытауҰлытау
26
8
8
10
-8
32
9
ЖеңісЖеңіс
26
8
8
10
-6
32
10
КаспийКаспий
26
8
5
13
-9
29
11
ЕртісЕртіс
25
6
8
11
-8
26
12
АлтайАлтай
26
6
7
13
-10
25
13
ҚайсарҚайсар
26
4
12
10
-11
24
14
ҚызылжарҚызылжар
26
6
6
14
-14
24
15
АтырауАтырау
25
4
11
10
-10
23
16
ЖетісуЖетісу
26
5
7
14
-18
22