«Жұлдыз ауруы жоқ»: «Ұлытау» сұрмергені Хусановпен достығы жайлы айтты

21 қыркүйек, 17:48

«Жұлдыз ауруы жоқ»: «Ұлытау» сұрмергені Хусановпен достығы жайлы айтты

Фото: Бақдәулет Зульфикаров және Абдуқодир Хусанов

Жезқазғандық «Ұлытаудың» шабуылшысы Бақдәулет Зульфикаров ASnews.kz сайтына берген эксклюзивті сұхбатында мансабының белоруссиялық кезеңін еске алып, «Манчестер Ситидің» өзбекстандық қорғаушысы Абдуқодир Хусановпен жақын достығы туралы айтып берді.

Қазақстандық форвардтың айтуынша, олардың жолдары 2021 жылы минскілік «Энергетикте» тоғысқан. Ол кезде өзбекстандық легионер шетелдік футболдағы алғашқы қадамдарын енді ғана жасап жүрген еді.

«Абдуқодир ол кезде командада болды, бірақ жасы 18-ге толмағандықтан, ФИФА регламенті бойынша клуб оны ресми тіркей алмады. Ол уақытта біз бір үйде тұрдық, жаттығуға бірге бардық, бірге өмір сүрдік. Ол – менің жақын досым. Өмірде де, әлеуметтік желіде де әрдайым бір-бірімізді қолдап, жағдайымызды сұрасып тұрамыз. Мен оның ата-анасын жақсы танимын. Иә, қазір оның бос уақыты аз. Бұйырса, уақыты болып, үйіне – Ташкентке оралғанда, достарымызбен жиналып, бірге уақыт өткіземіз», – деп бөлісті Зульфикаров.

Хусановтың футбол алаңынан тыс жерде қандай адам екені туралы сұраққа жауап бере келе, қазақстандық ойыншы оның өте қарапайым екенін атап өтті:

«Ол – өте мейірімді әрі ақкөңіл жан. Онда ешқандай жұлдыз ауруы жоқ. Кәдімгі, қарапайым ортадан шыққан жігіт. Ол туралы көп жақсы сөздер айтуға болады».

Еске сала кетейік, 25 жастағы Бақдәулет Зульфикаров «Ұлытау» сапына биылғы маусымның ортасында қосылды. Жезқазғандық клуб үшін өткізген 12 матчта шабуылшы бес гол соғып, бір нәтижелі пас беріп үлгерді.

Ал Абдуқодир Хусановқа келер болсақ, өзбекстандық қорғаушының мансабы «Энергетик-БГУ»-дан кейін қарыштап дамыды. 2023 жылдың жазында ол франциялық «Лансқа» ауысса, ал 2025 жылдың қаңтарында 40 миллион еуроға ағылшындық «Манчестер Ситиге» ауысып, атышулы трансфер жасады.

Биылғы маусымда қорғаушы «қалалықтар» сапында барлық турнирлерде алты матч өткізді. АПЛ грандының құрамында Хусанов Англия кубогы мен ағылшын Лигасы кубогының иегері атанды (екі жүлдені де 2026 жылы жеңіп алды).

«Ақтөбеге» провокация істегім келмеді»: «Ұлытау» сұрмергені – Хусанов пен ұлттық құрама жайлы

Тағы да оқыңыз

Бүгін, 19:22

Экс-министр, утильалым және регби: ҚФФ атқару комитетінің жаңа мүшесі Қанат Шарлапаев деген кім?

Бүгін, 19:01

«Әзірге қауіп жоқ»: Сәтпаевтың бапкері «Бернлидегі» жұмысын жалғастырады

Бүгін, 16:22

«Словакияның жеңісін күтемін»: «Қайсар» қақпашысы – Қазақстанға қарсы ойын жайлы

Бүгін, 15:44

5%-дан кем: ҚПЛ легионерлерінің ішінен кім ұлттық құрамаға шақырту алды?

Бүгін, 14:11

Мессидің клубынан келген жапондық ойыншы: Шойтымов «Ертісті» өзгертті

Бүгін, 12:01

«Ақтөбеге» провокация істегім келмеді»: «Ұлытау» сұрмергені – Хусанов пен ұлттық құрама жайлы

Басты жаңалықтар

ҚПЛ  21 қыркүйек, 19:22

Экс-министр, утильалым және регби: ҚФФ атқару комитетінің жаңа мүшесі Қанат Шарлапаев деген кім?

1
Халықаралық футбол  21 қыркүйек, 19:01

«Әзірге қауіп жоқ»: Сәтпаевтың бапкері «Бернлидегі» жұмысын жалғастырады

2
ҚПЛ  21 қыркүйек, 17:48

«Жұлдыз ауруы жоқ»: «Ұлытау» сұрмергені Хусановпен достығы жайлы айтты

3
Ұлттық құрама  21 қыркүйек, 16:22

«Словакияның жеңісін күтемін»: «Қайсар» қақпашысы – Қазақстанға қарсы ойын жайлы

4
ҚПЛ  21 қыркүйек, 15:44

5%-дан кем: ҚПЛ легионерлерінің ішінен кім ұлттық құрамаға шақырту алды?

5
ҚПЛ  21 қыркүйек, 14:11

Мессидің клубынан келген жапондық ойыншы: Шойтымов «Ертісті» өзгертті

6
Барлық жаңалықтар

Турнирлік кесте

Қазақстан Премьер-Лигасы
#
Команда
О
Ж
Т
Ұ
+/-
Ұпай
1
ОрдабасыОрдабасы
26
19
4
3
33
61
2
ҚайратҚайрат
26
17
6
3
31
57
3
АстанаАстана
25
14
6
5
17
48
4
ОқжетпесОқжетпес
26
13
6
7
6
45
5
АқтөбеАқтөбе
26
12
6
8
7
42
6
ЕлімайЕлімай
25
10
8
7
2
38
7
ТобылТобыл
26
10
4
12
-2
34
8
ҰлытауҰлытау
26
8
8
10
-8
32
9
ЖеңісЖеңіс
26
8
8
10
-6
32
10
КаспийКаспий
26
8
5
13
-9
29
11
ЕртісЕртіс
25
6
8
11
-8
26
12
АлтайАлтай
26
6
7
13
-10
25
13
ҚайсарҚайсар
26
4
12
10
-11
24
14
ҚызылжарҚызылжар
26
6
6
14
-14
24
15
АтырауАтырау
25
4
11
10
-10
23
16
ЖетісуЖетісу
26
5
7
14
-18
22