Матч орталығы
«Реалға» гол соғып, капитандық белгі тақты: Исмаил Бекболат – «Қайраттың» жаңа жарық жұлдызы
16 тамыз, 18:45

Фото: Исмаил Бекболат
Қазақстан футболы Дастан Сәтпаевтың лондондық «Челсиге» ауысуын талқылап жатқанда, алматылық «Қайратта» кезекті жас жұлдыз бой көтерді. 18 жастағы Исмаил Бекболат мадридтік «Реалға» гол соғып, Еуропа чемпионатының өтінімінде жасөспірімдер құрамасы сапында керемет голдардың авторы атанды, сондай-ақ «сары-қаралардың» еурокубоктегі сәтті стартының басты қаһармандарының біріне айналды.
ASnews.kz дәл қазіргі елдегі басты таланттардың бірі туралы толық досьені ұсынады.
Универсалдылық пен тактикалық икемділік
Исмаил Ерболатұлы Бекболат 2008 жылдың 10 қаңтарында Алматыда дүниеге келген. Бүгінде ол бойы 184 см, салмағы 76 кг болатын еңселі әрі өте пластикалық футболшы. Клубтың ресми өтінімінде 81-нөмірлі ойыншы жартылай қорғаушы ретінде тіркелгенімен, оның негізгі ойнайтын позциясы – шабуылдың оң жақ қанаты.
Сонымен қатар, Бекболат сол жақ қанатта да, орталық шабуылшы рөлінде де өзін бірдей сенімді сезінеді. Осындай тактикалық икемділік, жылдамдық пен техникамен ұштасқанда, 18 жаста сирек кездесетін қасиет.
QJ League-нің алтын буыны және ерте дебют
Бекболаттың есімі алғаш рет 2024 жылы «Қайраттың» жасөспірімдер командасы (U-18) дебюттік Freedom QJ League маусымын жеңіп алғанда қатты шықты. Исмаилдың ол турнирдегі статистикасы әлі де таңғалдырады: 19 матчта 16 гол соғып, жеті нәтижелі пас берді. Онымен бірге алаңда Дастан Сәтпаев пен Азамат Тұяқбаев жарқырап өнер көрсетті – бұл буын негізгі командаға өз жол ашты.
Үлкен футболдағы алғашқы қадамдарын Исмаил 2024 жылдың күзінде «Қайрат-Жастар» сапында бірінші лигада жасады. Ал 2025 жылдың 2 наурызында оның Қазақстан премьер-лигасындағы тарихи дебюті өтті: «Астанаға» қарсы матчта ол 17 жас, 1 ай және 20 күнінде алаңға шығып, алматылық клуб тарихындағы ең жас дебютанттардың бірі болды.
«Реалға» соғылған гол және капитандық таңғышпен жасалған ерліктер
2025 жылдың күзінде қазақстандық талант туралы Еуропада айта бастады. УЕФА Жастар чемпиондар лигасының мадридтік «Реалға» қарсы матчында (1:3) дәл осы Бекболат испан грандының қақпасына жалғыз допты енгізді. Ресми еуропалық жарыста «корольдік клуб» академиясының қақпасын тесу – бұл шетелдік скауттардың назарын бірден аударатын көрсеткіш.
Параллельді түрде оның ұлттық құрамалардағы мансабы жылдам дамыды. Егер 2025 жылдың наурызында ол U-17 құрамасы үшін Литва қақпасына хет-трик жасаса, 2026 жылдың жазында 19 жасқа дейінгі команда сапында феноменалды ойын көрсетті.

Маусым айында Салоникиде өткен Еуро-2027 іріктеу жарысында Исмаил құраманы капитандық белгімен алаңға бастап шығып, Сербияға қарсы матчта (3:1) айып алаңының сыртынан керемет соққылармен төрт минут ішінде дубль жасады. Үш күннен кейін Грекияға қарсы ойында ол қайшылап соққы жасап, таңғажайып гол соқты. 18 жасар жігітке таңғыш сеніп тапсырған бапкерлер штабының шешімі толығымен ақталды: Қазақстан мықты Португалиядан ұпай тартып алып, іріктеудің екінші кезеңіне шықты.
Серпінді 2026 жыл және еурокубоктегі бенефис
Ағымдағы маусым Бекболатты көшбасшы мәртебесінде түпкілікті бекітті. Бірінші лигада үстемдік еткеннен кейін («Жастар» үшін 10 матчта 8 гол), ол «Қайраттың» негізгі құрамына жұлқынып кіріп, ҚПЛ-дың тқрт матчында бір гол мен төрт ассист жинады. Бір сәтте ол қатарынан үш матч бойы нәтижелі пас берген серия жасады.
Бірақ нағыз серпіліс шілдеде, ересектер арасындағы Чемпиондар лигасының алғашқы іріктеу кезеңінде черногориялық «Сутьескаға» қарсы өтті. Өз алаңындағы ойында (2:1) Исмаил 74-минутта алаңға шығып, қалған уақытта Лукас Африко мен Марк Гуальға екі нәтижелі пас беріп үлгерді. Черногориядағы қарымта кездесуде (2:0) ол бастапқы құрамда шығып, 68-минутта қақпашының қателігін пайдаланып есеп ашты. Еуропаның басты клубтық жарсында екі матчта гол мен екі ассист – 18 жасар вингер үшін бұл жоғары деңгейдегі өтінім.

Исмаилдың өзі бұрынғы командаласы Дастан Сәтпаевпен үнемі байланыста екенін жасырмайды:
«Ол Англияда болып жатқан жаңалықтармен бөліседі, ал біз мұндағы жағдайды айтамыз. Ол бізге жақсы кеңестер береді және біз де оның артынан Еуропаға барамыз деп үміттенемін».
Алда не күтіп тұр?
2026 жылдың 13 тамызына қарай жағдай өте айқын. «Қайраттың» Чемпиондар лигасындағы іріктеу кампаниясы аяқталды: алматылықтар үшінші кезеңінде дейін жетіп, болгариялық «Левскиге» жол берді (екі кездесудің қорытындысы бойынша 0:2). 11 тамызда Түркістанда өткен қарымта матчта (0:1) Исмаил Бекболат үзілістен кейін бірден алаңға шығып, екінші таймды толық ойнады. Енді команда еурокубоктегі жолын Еуропа лигасының іріктеуінде жалғастырады.
Қазақстан футболының даму логикасы өз ережелерін айқындайды: Сәтпаевтың Лондонға рекордтық трансферінен кейін елдегі басты жас таланттардың бірінің орны босады. Бекболат ешқандай іркіліссіз «Қайраттың» жаңа жұлдызы рөлін өз мойнына алды, халықаралық аренада тұрақты ойын уақытын алуда және оның қарқынына қарағанда, еуропалық клубтар ол туралы маңызды скауттық есептер жинай бастады.
«Бернли»: клуб туралы ақпарат, тарихы, стадионы, бапкері. Дастан Сәтпаев қайда кетті?
Әлім Динасылов