Матч орталығы
Таркович Латурнус пен Жуковтың жағдайын түсіндірді
12 шілде, 22:31

Фото: Виталий Латурнус
«Ақтөбе» клубының бас бапкері Штефан Таркович ойыннан кейін Виталий Латурнус пен Георгий Жуковтың физикалық жағдайына және олардың неге толық матч өткізбегеніне тоқталды, деп хабарлайды ASnews.kz.
«Виталий Латурнус екі апта бұрын жарақат алып, он күн бойы жаттығуға қатыса алмады. Толық бабына келуі үшін оған тағы екі толыққанды жаттығу қажет. Жақын арада жағдайы жақсарып, алаңда көбірек уақыт өткізеді деп сенеміз.
Ал Георгий Жуков командамен небәрі бір ғана жаттығу өткізді. Себебі ол бұған дейінгі сырт алаңдағы «Жетісуге» қарсы кездесуде жарақат алған еді. Сондықтан оны бүгінгі матчта толық 90 минут ойнату мүмкін болмады», – деді Таркович.
Бүгінгі кездесу алаң иелерінің жігерлі жеңісімен аяқталды.
Есепті «Астана» ойыншысы Дмитрий Шомко ашқанымен, бірінші таймның соңына қарай Гиорги Зария таразы басын теңестірді.
Екінші таймда Артур Шушеначев «Ақтөбені» алға шығарды. Алайда көп ұзамай Иван Башич есепті қайта теңестірді. Матчтың соңында Станислав Басманов жеңіс голын соғып, «Астанаға» үш ұпай сыйлады.
Басты жаңалықтар
Халықаралық футбол 27 қазан, 17:19
Сәтпаевтың командасын алдағы матчтарға кім дайындайды? Хайенмен бірге екі көмекшісі қызметінен кетті
3Турнирлік кесте
Қазақстан Премьер-Лигасы
#
Команда
Ұпай
1
68
2
64
3
53
4
51
5
46
6
45
7
41
8
35
9
33
10
33
11
30
12
29
13
27
14
27
15
26
16
25
Әлім Динасылов