Матч орталығы
«Қателікті мойындаймыз, мықтырақ болып ораламыз»: Соса – «Астанамен» өткен ойын туралы
13 шілде, 16:46

Фото: Даниэль Соса
«Ақтөбе» шабуылшысы Даниэль Соса ASnews.kz сайтына берген сұхбатында ҚПЛ 17-туры аясында елордалық «Астанадан» ұтылғаннан кейін матч пен өзінің жарақаттан кейінгі жағдайы туралы пікір білдірді.
«Бұл – футбол, біз қателіктерімізді мойындаймыз. Бірнеше қателік жібердік, енді солармен жұмыс істеп, бұрынғыдан да мықтырақ болып оралуға тырысамыз.
Алдыңғы жарақатыма келетін болсақ, қазір жағдайым әлдеқайда жақсы. Барлығын асықпай, біртіндеп жасап жатырмын, өйткені екі ай бойы алаңға шыға алмадым. Қазір бұрынғы бабыма қайта келу үшін аянбай еңбектеніп жатырмын. Бұған қол жеткізу үшін бар күшімді саламын», – деді шабуылшы.
Қос команда арасындағы тартысты кездесу алаң иелерінің жеңісімен аяқталды.
Елордалық клуб сапында Дмитрий Шомко есеп ашқанымен, үзіліске дейін Гиорги Зария таразы басын теңестіріп үлгерді.
Артур Шушеначев «Ақтөбені» алға шығарды. Алайда көп ұзамай Иван Башич есепті қайта теңестірді, ал ойын соңына таман Станислав Басманов «Астанаға» жеңіс сыйлаған шешуші голды соқты.
Басты жаңалықтар
Халықаралық футбол 27 қазан, 17:19
Сәтпаевтың командасын алдағы матчтарға кім дайындайды? Хайенмен бірге екі көмекшісі қызметінен кетті
3Турнирлік кесте
Қазақстан Премьер-Лигасы
#
Команда
Ұпай
1
68
2
64
3
53
4
51
5
46
6
45
7
41
8
35
9
33
10
33
11
30
12
29
13
27
14
27
15
26
16
25
Әлім Динасылов