Матч орталығы
«Ақтөбе» легионері медициналық тексерістен сәтті өтіп, «Атырауға» қосылды
10 наурыз, 21:02

Фото: Мариу Рабиу
«Ақтөбе» клубының нигериялық жартылай қорғаушысы Мариу Рабиу жақын күндері «Атырау» ойыншысы ретінде таныстырылады, деп хабарлайды ASnews.kz.
26 жастағы футболшы медициналық тексерістен сәтті өтіп, «мұнайшылармен» келісімшартқа қол қойды. Ол 2026 жылғы маусымда жалдау шарты бойынша «Атырауда» ойнайды.
Өткен маусымда Рабиу ауыр жарақат алып, көп уақыт өткізіп алды. Қалпына келгеннен кейін «Ақтөбеде» легионерлерге арналған орынның толып тұрғанын, ал жаттықтырушылар штабының өзіне сенім артпайтынын білді.
Қазақстанға келмес бұрын жартылай қорғаушы Италияның «Модена», «Гроссето», «Витербезе» клубтарында және Албанияның «Скендербеу» командасында ойнаған. Қазіргі трансферлік құны шамамен 100 мың еуроға бағаланып отыр.
Ербол Каиров