Матч орталығы
Бекхан Шайзада: қыста ұсыныстар болды, бірақ «Ордабасыда» қалғым келді
6 наурыз, 21:30

Фото: Бекхан Шайзада
«Ордабасы» мен Қазақстан құрамасының қақпашысы Бекхан Шайзада ASnews.kz сайтына берген сұхбатында елордалық «Жеңіс» клубы және ҚПЛ-дың басқа да командалары тарапынан өзіне қызығушылық болғанын айтты.
«Маусым аяқталғаннан кейін маған Қазақстандағы бірнеше клубтан ұсыныс түсе бастады. Иә, «Жеңіс» клубымен де сөйлестік. Бірақ мен үшін ең бастысы – туған командам «Ордабасыда» қалу еді. Келіссөз барысында өз мақсаттарымды айттым, соған сай клуб маған командада қалу жөнінде ұсыныс жасады. Шымкент – менің туған үйім. «Ордабасыда» бүкіл кәсіби мансабымды өткізіп келемін: осыдан он жыл бұрын негізгі команда сапында алғаш рет алаңға шыққанмын. Алдағы уақытта да клуб жанкүйерлерін қуантуды және команданың үлкен мақсаттарына жетуіне көмектесуді қалаймын», – деді Шайзада.
Қысқы трансферлік кезеңде «Ордабасы» клубынан молдовалық қақпашы Дмитрий Челядник кетіп, «Қызылжар» командасына ауысқан болатын.
Басты жаңалықтар
Халықаралық футбол 28 қазан, 10:58
Сәтпаевтың клубы ұшып кетпей ме? «Бернлидің» Чемпионшиптегі қорытынды орнына болжам айтылды
3ҚПЛ 28 қазан, 08:14
«Холанд «Ситиде», ал мен «Ордабасыдамын»: Бьорн Йонсен Норвегия құрамасына оралу мүмкіндігін бағалады
4Турнирлік кесте
Қазақстан Премьер-Лигасы
#
Команда
Ұпай
1
68
2
64
3
53
4
51
5
46
6
45
7
41
8
35
9
33
10
33
11
30
12
29
13
27
14
27
15
26
16
25
Ербол Каиров