«Қазақстанды жақсы көрдім»: Вавалис – «Жеңіс», Кенжебек және ҚПЛ-ға оралу мүмкіндігі жайлы
4 наурыз, 15:25
Фото: Акис Вавалис
Соңғы жылдары «Жеңіс» айтарлықтай өзгеріске ұшырады: бір кездері төменгі лигаға түсудің алдында тұрған команда шабуылға негізделген футбол ойнап, фавориттерден ұпай ала бастады. Бұл өзгерістерді көбіне Андрей Демченконың келуімен байланыстырады, алайда оның негізін қалаған — грек маманы Акис Вавалис.
ASnews.kz сайтына берген сұхбатында 40 жастағы бапкер:
- Кенжебек және Анарбековпен жасаған жұмысы жайлы айтты;
- Қазақстан мен Болгария чемпионаттарының ерекшеліктерін салыстырды;
- Қазіргі клубымен келісімшартындағы маңызды тармақты ашып көрсетті.
— Акис, екі ай бұрын сіз болгариялық «Монтана» клубының бас бапкері атандыңыз. Соңғы нәтижелерді қалай бағалайсыз, команданың ойынына көңіліңіз тола ма?
— «Жеңістегі» кезеңнен кейін маған Қазақстан клубтарынан бірнеше ұсыныс түсті, бірақ ең ыңғайлы нұсқаны іздедім. Мұны жаңа әрі қызықты сынақ ретінде көрдім. Бұған дейін мен Болгарияда әрі бапкер, әрі футболшы ретінде жұмыс істегенмін.
Алғашқы күннен-ақ «Монтана» оңай жағдайда болған жоқ: турнир кестесінің төменгі бөлігінде жүрді. Қазіргі бюджет пен жағдайға қарамастан, жақсы нәтиже тіркеуге тырысамыз. Қазір ғана елдің ең мықты командаларының бірі – «Ботевпен» тең ойнап (0:0), енді міне, сізбен сөйлесіп отырмын.
Болгариямен менің байланысым ерекше, сондықтан бейімделу қиын емес. Мұнда көп жылымды өткіздім, ал жергілікті тіл маған екінші ана тілімдей болып кеткен.
— Олардың футболы қазақстандық стильге ұқсай ма?
— Мұнда ҚПЛ-дағыдай қақтығыс пен агрессия көп емес. Соңғы он жылда Болгария чемпионатының деңгейі нашарлады, бірақ футболшылар әлі де техникасын көрсетуге тырысады. «Лудогорец», ЦСКА, «Левски», сол сияқты «Ботев» өз деңгейін сақтап келеді.
Қазақстанда комбинациялық және креативті ойын соншалық жиі кездеседі деп айта алмаймын.
— Сіз біздің лигаға қайта оралуыңыз мүмкін екенін айттыңыз. «Алтаймен» келіссөздер болды деген ақпарат рас па?
— Бұл жайлы нақты айтудың қажеті жоқ, бірақ қызығушылық танытқан клубтар болды. Кейбіріне келісім бере алмадым, өйткені отбасылық жағдайға байланысты жазға дейін үйде қалуым керек еді.
Кейін де байланыстар болды, бірақ мен нақты ұсыныс күткенді жөн көрдім. Қазақстанды да, ондағы адамдарды да жақсы көремін, сондықтан қуана-қуана оралар едім.
— «Жеңістің» ойындарын әлі де қадағалайсыз ба?
— Әрине! Құдайға шүкір, матчтарды YouTube арқылы тікелей эфирде көруге мүмкіндік туды, сондықтан команданы назардан тыс қалдырған жоқпын. Мен футболмен өмір сүремін, ал ҚПЛ жүрегімде ерекше орын алады.
— Сіздің қарамағыңызда Ғалымжан Кенжебек ойнады. Ол сізге қандай әсер қалдырды?
— Біз небәрі үш айдай ғана бірге жұмыс істесек те, Ғалымжан мені таңғалдырды. «Жеңіс» оны сақтап қалғысы келді, бірақ «Кайраттан» сатып алуға мүмкіндігіміз болмады.
Мен үшін Кенжебек – жоқ жерден қауіп төндіре алатын ерекше дарынды ойыншы. Қазір оның алаң ортасына қарай ығысып, алыс бұрышқа соққы жасауын бәрі тамсанып тамашалайды. Бұл – ерекше қасиет. Сондай-ақ, оның «Қайсарға» Кубокта әдемі гол соққанын ұмытпаймын (1:0).
— Кей жерлерде Кенжебектің мінезі нашар деп айтылады. Тәртіп немесе жұмысқа көзқарас жағынан қиындықтар болды ма?
— Мүлдем олай емес. Менің ойымша, ол алаңда да, алаңнан тыс жерде де нағыз кәсіби ойыншы. Негізгі құрамға кірмесе де, ешқандай жанжал шығармай, жаттығуын тоқтатпайтын.
Иә, біз тактикалық түсінік пен командалық философияға көп көңіл бөлдік, бірақ мәселе болған жоқ. Өкініштісі, онымен қалағанымдай ұзақ жұмыс істей алмадым. Ол – ерекше талант.
Мүмкін бұрын оның мінезі шынымен де шатақ болған шығар. Бірақ мұның қазір қандай маңызы бар? Оның жасындағы жігіттер қателеспей ме? Ең бастысы – оның бүгінгі деңгейі.
— Кейін ол Кипрге кетті, бұл ел мәдениет жағынан Грекияға жақын. Кеңес бердіңіз бе?
— Ол «Акритас» футболшысы болғаннан кейінхалықаралық үзіліс кезінде Астанада кездестік. Өмір жайлы, футбол жайлы сөйлестік.
— Жанкүйерлер Кенжебектің «Ахматты» таңдағанына риза емес.
— Қандай ұсыныстары болғанын білмеймін, бірақ агентімен бірге қабылдаған шешіміне сену керек. Олар – өз ісін білетін білікті адамдар. Еурокубоктарсыз да РПЛ бәсекеге қабілетті лига. Самородовтың «Ахматқа» ауысқанына өкінбейтініне сенімдімін.
Тағы бір артықшылығы – тілдік кедергінің жоқтығы. Осылайша, Годи ұжымға тез сіңісіп, жақсы маусым өткізіп, мансабындағы келесі қадамды жасай алады.
— «Жеңісте» жалдау шарты бойынша ойнап, ашылған тағы бір қазақстандық – Темірлан Анарбеков. Ол Еуропада ойнауға дайын ба?
— Әуелде Анарбеков қосалқы қақпашы болды, бірақ оның ерекшелігін байқамау мүмкін емес еді. Оған сол кездегі бапкеріміз Денис Иванковтың көмегі зор болды, сондай-ақ Мирослав Лобанцевпен болған бәсеке әсер етті.
«Қайратқа» қарсы матчта ол үш пенальти қайтарып, команда Лига Кубогының финалына шықты (2:3). Темірлан барын салды. Ал Чемпиондар лигасындағы соңғы ойынымен жоғары деңгейге лайық екенін дәлелдеді.
— Шығыс Еуропада жұмыс істейтін маман ретінде, сіз оны Словакия немесе Словения клубында елестете аласыз ба?
— Қазір Темірланның шеберлігі артқандықтан, оған атақты клубтардың қызығушылық танытуы әбден мүмкін. Словакия, Словения немесе Болгария чемпионаттары да осал емес, алайда бұл қақпашы бұдан да жоғары деңгейге дайын
— 2024 жылы клуб Швеция чемпионатында тәжірибесі бар, ПСВ түлегі Александр Якобсенді алып келді. Ол неге КПЛ-да өз ойынын көрсете алмады?
— Өкінішке қарай, Александр «Жеңісте» тұрақтап қалмады. Меніңше, бейімделе алмады: климат та, алаңдар да басқа. Ол – ашық мінезді адам, бірақ жағдайға үйренісе алмады.
Екі тарап үшін де қоштасу дұрыс шешім болды. Жазда біз оның орнына жаңа ойыншы іздей бастадық.
— Сол кезеңнен қалған ең жылы естелігіңіз?
— Ең жағымды естелік – Кубок финалына шығу. Қалай аяқталса да, трофей үшін ойнадық. Сондай-ақ 2024 жылдың қыркүйек–қазан айларындағы қысқа кезеңді ерекше бағалаймын: құрамды жиі ауыстыра отырып, «Қайратты» жартылай финалда жеңдік, «Астанамен» тең түстік (1:1), «Тоболды» ұттық (2:1). Команда Премьер-лигадағы орнын сақтап қалды
— Трофейге бір қадам жетпей қалу сіз үшін өкініш пе, әлде мақтаныш па?
— Әрине, мен жігіттердің еңбегіне тәнтімін. Мен келгенде команда соңғы орында еді, негізгі мақсат – лигада қалу болатын. Ал Кубок – жоспардан тыс жетістік, әрі абырой.
«Жеңіс» «Астанаға» лайықты қарсылық көрсетті (0:2), ойынды қосымша уақытқа дейін жеткіздік.
— Эмоциялық серпіліс болғанымен, неге жеңіске жете алмадыңыздар?
— 17–18 сапалы ойыншыдан тұратын құрамды бірден жинау қиын. Ол кезде клуб «Астана» секілді толық жасақталмаған еді, бірақ соған қарамастан екі қауіпті сәт жасадық. Жанкүйерлер риза болды деп ойлаймын.
— Клубтан кетудің себебі тек отбасылық жағдай ма? Басшылықпен қарым-қатынасыңыз қандай болды?
— Бұл клубта кездестірген адамдардың бәрі тамаша. Басшылықпен байланысымыз өте жақсы болды, соның арқасында жетістікке жеттік. Ешқандай өкпем жоқ.
Грекияға ұшардан бір күн бұрын спорт директоры Адиль Бақытұлы: «Біз дос болып кеттік қой», – деді. Сондықтан «Жеңістегі» тәжірибем мен үшін өте жылы естелік болып қалады.
— КПЛ-ға қайта оралу мүмкіндігін қалай бағалайсыз?
— Қуана-қуана! «Монтанамен» келісімшартқа қол қойған кезде, қазақстандық клубтар үшін мені сатып алу мүмкіндігі бар тармақты қостық. Бұл менің осы елде қайта жұмыс істегім келетінін көрсетеді. Ұсыныстар болса – қараймыз.
Тағы да оқыңыз
Басты жаңалықтар
Қазақстан құрамасының бұрынғы қақпашысы Қытайдағы келісімшартын ұзартты
1«Қазақстанды жақсы көрдім»: Вавалис – «Жеңіс», Кенжебек және ҚПЛ-ға оралу мүмкіндігі жайлы
3Турнирлік кесте
Ақтөбе
Алтай
Астана
Атырау
Ертіс
Каспий
Қызылжар
Ордабасы
Елімай
Жеңіс
Қайрат
Қайсар
Оқжетпес
Тобыл
Ұлытау
Жетісу
Арсенал
Манчестер Сити
Манчестер Юнайтед
Астон Вилла
Ливерпуль
Челси
Брентфорд
Эвертон
Борнмут
Фулхэм
Сандерленд
Брайтон
Ньюкасл Юнайтед
Кристал Пэлас
Лидс
Тоттенхэм
Ноттингем Форест
Вест Хэм
Бёрнли
Вулверхэмптон
Барселона
Реал Мадрид
Атлетико Мадрид
Вильярреал
Бетис
Сельта
Эспаньол
Реал Сосьедад
Атлетик Бильбао
Осасуна
Хетафе
Севилья
Жирона
Валенсия
Райо Вальекано
Алавес
Эльче
Мальорка
Леванте
Реал Овьедо
Бавария
Боруссия Дортмунд
Хоффенхайм
Штутгарт
РБ Лейпциг
Байер 04
Айнтрахт Франкфурт
Фрайбург
Аугсбург
Унион Берлин
Гамбург
Боруссия М
Кёльн
Майнц
Санкт-Паули
Вердер
Вольфсбург
Хейденхайм
Интер Милан
Милан
Наполи
Рома
Комо
Ювентус
Аталанта
Болонья
Сассуоло
Удинезе
Лацио
Парма
Кальяри
Торино
Дженоа
Фиорентина
Кремонезе
Лечче
Пиза
Верона
ПСЖ
Ланс
Лион
Марсель
Лилль
Ренн
Монако
Страсбур
Брест
Лорьян
Тулуза
Анже
Гавр
Париж
Ницца
Осер
Нант
Метц
Әлишер Аманжол