Матч орталығы
Самат Смаковқа Ресейден ұсыныс түсті
16 ақпан, 16:44

Фото: Самат Смаков
Қазақстандық бапкер Самат Смаковқа Ресейдің «Черноморец» клубы қызығушылық танытты, деп хабарлайды ASnews.kz.
47 жастағы маман маусымаралық үзіліс кезінде «Жетісудан» кеткен болатын, оның орнына команданы Қайрат Нұрдәулетов тізгіндеді.
«Черноморец» клубы Ресейдің бірінші дивизионында өнер көрсетеді және Смаковтың кандидатурасына қызығушылық танытқан болатын. Алайда келіссөздер барысында клубтың алдағы жазда қаржылық қиындықтарға тап болуы мүмкін екені белгілі болды. Осы жағдайлардың барлығын саралай келе, қазақстандық маман «Черноморецтің» ұсынысынан бас тартты.
Бұған дейін Самат Смаковты Қырғызстан чемпионатының клубы да шақырған еді.
Ербол Каиров