Қазақстандық клуб Роналдудың бұрынғы командаласынан бас тартты
15 ақпан, 19:56

Фото: Венсан Абубакар
«Ақтөбе» футбол клубы камерундық шабуылшы Венсан Абубакардың трансферіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ASnews.kz.
Бұған дейін бұқаралық ақпарат құралдарында «ақ-қызылдар» 34 жастағы форвардқа қызығушылық танытып отыр деген ақпарат тараған болатын.
Алайда «Ақтөбе» клубының өкілдері Абубакарды шабуыл шебін күшейтетін үміткер ретінде қарастырмайтынын мәлімдеді.
Қазіргі уақытта камерундық футболшы әзербайжандық «Нефтчи» клубында көрсетіп жүр. Ол аталмыш команда құрамында 10 матч өткізіп, 4 гол соққан.
Оған дейін Абубакар Францияда «Валансьен» мен «Лорьян», Португалияда «Порту», Түркияда «Бешикташ» пен «Хатайспор» клубтарында ойнаған. Сонымен қатар Сауд Арабиясындағы «Аль-Наср» сапында өнер көрсетіп, сол жерде Криштиану Роналдумен бір командада доп тепті.
Ербол Каиров