Матч орталығы
«Оқжетпесті» ірі компания сатып алуы мүмкін
16 қаңтар, 16:10

Фото: Оқжетпес ФК
Көкшетаулық «Оқжетпес» клубы жақын арада жеке меншікке берілуі мүмкін, деп хабарлайды ASnews.kz. Ақмола облысындағы ірі агрохолдингтердің бірі клубты сатып алып, оны басқару мүмкіндігін қарастырып отыр.
Қазіргі таңда агрохолдинг басшылығы мен Ақмола облысының әкімдігі арасында келіссөздер жүргізілуде.
«Оқжетпес» соңғы уақытта қаржылық қиындықтарға тап болып, команданың жетекші ойыншылары мен бапкерлер штабы басқа клубтарға ауысып кетті. Клубтың жаңа бас бапкері болып қазақстандық маман Ринат Алюетов тағайындалды.
Өткен маусымда көкшетаулықтар Қазақстан Премьер-лигасының турнир кестесінде сегізінші орынға тұрақтаған еді.
Ербол Каиров