Матч орталығы
Исламхан – «Астананың» КЛ-дағы сәтсіздігі туралы: «Лозанна» «Бешикташты» да қарсылас көрмеді
15 қаңтар, 08:42

Фото: Бауыржан Исламхан
«Астананың» бұрынғы жартылай қорғаушысы Бауыржан Исламхан ASnews.kz сайтына берген сұхбатында елордалық клуб пен алматылық «Қайраттың» өткен еурокубок маусымындағы нәтижесіне қорытынды жасады.
«Қайрат» өз тарихында алғаш рет Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіне шықты. Бұл – тек клуб үшін ғана емес, тұтас Қазақстан футболы үшін үлкен жетістік әрі көп жылдан бергі арманның орындалуы. Команда айналасына тек алматылықтарды ғана емес, бүкіл Қазақстан жанкүйерлерін біріктіре алды», – деді Исламхан.
«Ал «Астанаға» келсек, бұл клуб еурокубоктарда бұрыннан биік белестерді бағындырып, елімізге Еуропаның мықты командаларын алып келген, ұзақ жылдар бойы чемпион атанған ұжым.
Өкінішке орай, өткен Конференция лигасында өзіміз қалаған деңгейде ойнай алмадық. «Лозаннаға» жол бердік, бірақ олардың одан арғы жолына назар аударыңыздар: олар «Бешикташты» жеңіп, жалпы кезеңге шықты әрі плей-оффқа дейін жетті. Бұл – өте мықты команда.
Менің ойымша, клубтағы барлық мәселелер шешілсе, «Астана» алдағы еурокубок маусымында жақсы өнер көрсетеді», – деп мәлімдеді футболшы.
2025 жылдың жазында Бауыржан Исламхан Түркістанның «Тұран» клубынан «Астана» сапына ауысты. Елордалық команда еурокубоктағы жорығын Конференция лигасының үшінші іріктеу кезеңінде аяқтап, швейцариялық «Лозаннаға» есе жіберді.
Ал 2025/26 жылғы маусымда «Қайрат» өз тарихында алғаш рет Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіне жолдама алды.
Тағы да оқыңыз
Басты жаңалықтар
ҚПЛ 12 қыркүйек, 13:45
«Жеңетінімізге күмәндандым»: «Ордабасының» иесі – «Оқжетпеске» қарсы ойын туралы
3Турнирлік кесте
Қазақстан Премьер-Лигасы
#
Команда
Ұпай
1
57
2
55
3
45
4
42
5
38
6
32
7
31
8
31
9
29
10
26
11
23
12
23
13
22
14
22
15
20
16
20
Әлім Динасылов