Матч орталығы
«Гранадада» ойнаған қазақ футболшысы ҚПЛ-да командасын ауыстырады
12 қаңтар, 22:14

Фото: Асқар Сатышев
Қазақстан жастар құрамасының бұрынғы қорғаушысы Асқар Сатышев «Ертіс» клубынан «Оқжетпеске» ауысады, деп хабарлайды ASnews.kz.
Өткен маусымда 22 жастағы футболшы павлодарлық команданың Қазақстан Премьер-лигасына шығуына үлес қосты. 11 матчқа қатысып, бір нәтижелі пас пен бір голды өз атына жазды. Ал маусымды Премьер-лигада «Тұран» сапында бастап, бес ойын өткізді.
2022 жылы биік бойлы қорғаушы сол кезде Испания Ла Лигасында өнер көрсеткен «Гранада» клубының құрылымында болды. Сондай-ақ «Оңтүстік академиясы», «Тараз-Қаратау» және «Қайсар» командаларында ойнаған.
Сатышев Қазақстан жастар құрамасы сапында үш матч өткізген.
Ербол Каиров