Матч орталығы
Ғалымжан Кенжебектің «Ахматқа» ауысуына қатысты тың деректер жарияланды
9 қаңтар, 10:32

Фото: Ғалымжан Кенжебек
Қазақстан құрамасының вингері Ғалымжан Кенжебек ресейлік «Ахмат» клубына ауысу үшін медициналық тексерістен сәтті өтті, деп хабарлайды ASnews.kz.
22 жастағы футболшы 7 қаңтар күні Мәскеуге ұшып келіп, Грозный клубының өкілдерімен кездесті.
Алдағы күндері Кенжебек «Ахмат» ойыншысы ретінде таныстырылады. Қазақстандық футболшы ресейлік клубпен жаңа жылға дейін-ақ келісімшартқа отырған еді. Клуб таңдау кезінде «Ахматтың» бас бапкері Станислав Черчесовтың қоңырауы маңызды рөл атқарды. Оның жетекшілігімен Кенжебек Қазақстан құрамасында өнер көрсеткен болатын.
Тараз қаласының тумасы бұған дейін «Қайрат», «Мақтаарал», «Жеңіс», сондай-ақ Словакияның «Кошице» және Кипрдің «Акритас Хлоракас» клубтарында доп тепкен.
Ербол Каиров