Матч орталығы
Қазақстан құрамасының қорғаушысы «Ертіске» ауысады
9 қаңтар, 09:28

Фото: Темірлан Ерланов
Қазақстандық қорғаушы Темірлан Ерланов жақын арада «Ертіс» клубының ойыншысы ретінде таныстырылады, деп хабарлайды ASnews.kz.
32 жастағы Ерланов өткен қыстан бері өнер көрсеткен «Тобылдан» кетті. Сонымен қатар қорғаушы алған жарақатынан кейін қайта қалпына келіп, Түркиядағы оқу-жаттығу жиындарында қатарға қосылуды жоспарлап отыр.
Бұған дейін футболшыға «Қызылжар» қызығушылық танытқан еді, алайда Ерланов «Ертіс» клубын таңдауды жөн көрді.
Абай облысының тумасы Қазақстан ұлттық құрамасы сапында 21 матч өткізіп, бір гол соққан. «Тобылға» дейін «Восток», «Ордабасы» және «Ақтөбе» клубтарында ойнаған. Футболшының трансферлік құны 500 мың еуроға бағаланым отыр.
Ербол Каиров