Матч орталығы
«Ақтөбенің» жаңа директоры әлеуметтік желідегі парақшаларын жауып тастады
8 қаңтар, 16:52

Фото: Ақтөбе ФК
«Ақтөбе» футбол клубының басқарма төрағасы болып жаңадан тағайындалған Арман Оспанов Instagram және Threads әлеуметтік желілеріндегі парақшаларын жауып тастады, деп хабарлайды ASnews.kz.
Бұған клуб жанкүйерлерінің футбол жайлы жаңалық тарататын Telegram және басқа да арналарда айтқан сыны себеп болған.
Скриншоттарда Шығыс Қазақстан облысының тумасы (кей деректерде – Алматы қаласының тумасы) Арман Оспановтың Threads әлеуметтік желісінде «Ақтөбе» жанкүйерлеріне арнап жазған хабарламалары көрсетілген.


Оспанов өз қызметіне рождестволық мерекелерден кейін кіріседі. «Ақтөбе» алдағы маусымға чемпион атануды басты мақсат етіп қоюда.
Әлім Динасылов