Матч орталығы
Исламхан – Тағыбергеннің «Ордабасыдан» кетуі жайлы: оны адамша шығарып салуға болар еді
5 қаңтар, 08:22

Фото: Бауыржан Исламхан және Асхат Тағыберген
Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Бауыржан Исламхан ASnews.kz сайтына берген сұхбатында шымкенттік клубтан Асхат Тағыбергеннің кетуіне қатысты пікір білдірді.
«Асхат – менің жақын бауырымдай адам. Ол «Ордабасының» чемпион атануына орасан зор үлес қосты. Көп жылдан бері чемпион болмаған команданы чемпион етті. Оның кетуі өте қолайсыз сәтте орын алды. Асхатты адамша, лайықты түрде шығарып салуға болатын еді», – деді Исламхан.
Тағыбергеннің клубтан кетуіне Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбековтің ашық айтқан сыны себеп болды. Қала басшысы футболшының қанша жалақы (20 млн теңге) алатынын айтып, «ойнай да алмайды, кеткісі де келмейді» деген пікір айтқан еді. Бұл мәлімдеме қоғамда үлкен резонанс тудырды.
Осы жағдайдан кейін Асхат Тағыберген Қостанайдың «Тобылына» ауысып, мансабын қайта жандандырды. Өткен маусымда 35 жастағы жартылай қорғаушы 26 матчқа қатысып, 2 гол соқты, 5 нәтижелі пас берді. Ол команда көшбасшыларының біріне айналып, «Тобылмен» бірге Қазақстан Кубогын жеңіп алып, Премьер-лигада қола жүлдеге ие болды.
Әлім Динасылов