Матч орталығы
Усман Камара «Астанадан» кеткенін растады
29.12.2025 19:35

Фото: Усман Камара
Гвинеялық футболшы Усман Камара ASnews.kz сайтына берген сұхбатында «Астана» клубынан кеткені жөніндегі ақпаратты растады.
«Туған күніммен құттықтағаны ма? Сірә, клуб қызметкерлері айналадағы қысымды азайтқысы келген болар. Менің кеткенім – рас ақпарат», – деді африкалық футболшы.
«Астана» клубы әлеуметтік желілерде Камараны 27 жасқа толуымен құттықтап, оны «команданың шабуылшысы» деп атаған еді. Алайда бір апта бұрын ол жалақының уақытылы төленбеуіне байланысты клубтан кеткен болатын.
«Динамо Тбилисидің» бұрынғы ойыншысы мансабын шетелде жалғастырады. Ол ҚПЛ-дағы 49 матчта 14 гол соғып, 14 нәтижелі пас берген.
Басты жаңалықтар
Халықаралық футбол 28 қазан, 10:58
Сәтпаевтың клубы ұшып кетуден аман қала ма? «Бернлидің» Чемпионшиптегі қорытынды орнына болжам айтылды
1ҚПЛ 28 қазан, 08:14
«Холанд «Ситиде», ал мен «Ордабасыдамын»: Бьорн Йонсен Норвегия құрамасына оралу мүмкіндігін бағалады
2Турнирлік кесте
Қазақстан Премьер-Лигасы
#
Команда
Ұпай
1
68
2
64
3
53
4
51
5
46
6
45
7
41
8
35
9
33
10
33
11
30
12
29
13
27
14
27
15
26
16
25
Әлім Динасылов