Матч орталығы

Хоккей
РесейКХЛ
Ак БарсАк Барс
21:00Бүгін
АвангардАвангард
Хоккей
РесейКХЛ
Динамо МинскДинамо Минск
21:10Бүгін
БарысБарыс
Хоккей
РесейКХЛ
ЦСКАЦСКА
21:30Бүгін
ТракторТрактор
Футбол
ГерманияГермания кубогы
ПадерборнПадерборн
22:00Бүгін
ШтутгартШтутгарт
Футбол
ЕуропаУЕФА жасөспірімдер лигасы
МТК U19МТК U19
22:00Бүгін
Кайрат U19Кайрат U19
Футбол
ГерманияГермания кубогы
ФрайбургФрайбург
22:00Бүгін
ВольфсбургВольфсбург
Футбол
ИталияА сериясы
МиланМилан
22:30Бүгін
БолоньяБолонья
Футбол
ИталияА сериясы
ПармаПарма
22:30Бүгін
УдинезеУдинезе
Футбол
ИталияА сериясы
ВенецияВенеция
22:30Бүгін
ИнтерИнтер
Футбол
НидерландНидерланд кубогы
СпартаСпарта
22:45Бүгін
ФортунаФортуна
Футбол
ИспанияИспания кубогы
УтебоУтебо
23:00Бүгін
СабадельСабадель
Футбол
ИспанияИспания кубогы
АнайтасунаАнайтасуна
23:00Бүгін
АлавесАлавес
Футбол
ИспанияИспания кубогы
КорухоКорухо
23:00Бүгін
ЗамораЗамора
Футбол
ИспанияИспания кубогы
ПамплонаПамплона
23:00Бүгін
ЭйбарЭйбар
Футбол
ИспанияИспания кубогы
ПобленсеПобленсе
23:00Бүгін
СеутаСеута
Футбол
ИспанияИспания кубогы
ЦД ТаранконЦД Таранкон
23:00Бүгін
ЛевантеЛеванте
Футбол
ИспанияИспания кубогы
Тривал ВальдерасТривал Вальдерас
00:00Ертең
ЛеганесЛеганес
Футбол
ИспанияИспания кубогы
АморебьетаАморебьета
00:00Ертең
ЛогронесЛогронес
Футбол
ИспанияИспания кубогы
КовадонгаКовадонга
00:00Ертең
ВальядолидВальядолид
Футбол
ИспанияИспания кубогы
АлькояноАлькояно
00:00Ертең
МальоркаМальорка

Сенсация болады деп ойламадым: Алияр Мұхамед – «Оқжетпес», «Астанаға» соққан голы және құрама жайлы

22.12.2025 18:33

Сенсация болады деп ойламадым: Алияр Мұхамед – «Оқжетпес», «Астанаға» соққан голы және құрама жайлы

Фото: Алияр Мұхамед

«Оқжетпестің» 24 жасар шабуылшысы Алияр Мұхаммед өткен маусымда 24 ойын өткізіп, үш гол салды және үш голдық пас берді. Премьер-лиганың сенсациясына айналған көкшетаулық командада негізгі рөлдердің бірін атқарып, ұлттық құрамаға да шақырту алды.

ASnews.kz порталының тілшісіне берген сұхбатында Алияр Мұхаммед өткен маусымды бағалады, және:

  • ұлттық құрамадағы дебюті жайлы айтып берді;
  • «Астанаға» салған ғаламат голын есіне түсірді;
  • әрі басқа клубтардан келген ұсыныс жайында әңгімеледі.

– Алияр, «Оқжетпестің» өткен маусымдағы ойынын қалай бағалайсыз? Жалпы, команданың нәтижесіне көңіліңіз тола ма?

– Жалпы алғанда, маусымды оң бағалауға болады. Команда Бірінші лигадан енді ғана келсе де, Премьер-лигада бәсекеге қабілетті екенімізді көрсеттік. Көптеген матчта мінез, тәртіп және ауызбіршілік болды. Әрине, жоғалтқан ұпайлар да бар, бірақ жалпы нәтиже біз үшін жақсы тәжірибе болды деп ойлаймын.

– Жеке өзіңіз үшін маусым қалай өтті? Үш гол соқтыңыз және үш ассист бердіңіз. Өткен маусымға көңіліңіз тола ма?

– Толық қанағаттандым деп айта алмаймын. Әрдайым өзімнен көп нәрсені талап етемін. Дегенмен, командаға пайдалы болуға тырыстым, маңызды сәттерде үлес қостым. Бұл – мен үшін келесі маусымдарға көмек болатын үлкен тәжірибе.

– Биыл сіз алғаш рет ұлттық құрамаға шақырту алып, дебют жасадыңыз. Маусым басында осыны күткен бе едіңіз?

– Шынымды айтсам, бұл мақсат болған, бірақ дәл осылай жүзеге асады деп ойламадым. Мұны күнделікті еңбектің және тұрақты ойынның нәтижесі деп қабылдадым. Бұл мен үшін үлкен жауапкершілік әрі мотивация.

– Ұлттық құрамадағы бәсекелестікті қалай бағалайсыз?

– Бәсекелестік өте жоғары және бұл – қалыпты жағдай. Максим Самородов, Ғалымжан Кенжебек, Дастан Сәтпаев – барлығы да сапалы ойыншылар. Мұндай ортада әр ойыншы дами түседі. Бұл мені де алға жетелейді.

– Ұлттық құрамадағы дебютіңіз Беларуське қарсы ойында болды. Алаңға шыққанда қандай сезімде болдыңыз?

– Ерекше сезім болды. Алғашқы секундтарда аздап қобалжу болды, бірақ ойын басталған соң бәрі ұмытылып, тек футболға назар аудардым. Ел намысын қорғау – үлкен мәртебе.

– Жалпы, халықаралық футболдың деңгейі қандай? Ұлттық құрамадағы ойындардың деңгейі анағұрлым жоғарырақ па?

– Айырмашылық бар. Қарқын, шешім қабылдау жылдамдығы, тактикалық тәртіп әлдеқайда жоғары. Ұлттық құрамадағы ойындар ойыншыны тез шыңдайды.

– «Астанаға» соққан ғаламат голыңызға тоқталсақ. Сол кезде қандай сезімде болдыңыз? Және де сол ойынды жеңуге не жетпеді деп ойлайсыз?

– Ол гол мен үшін есте қаларлық сәт болды. Бірақ футбол – командалық ойын. Сол матчта ұсақ қателіктер көп болды, соңына дейін концентрация жетіспеді деп ойлаймын.

– Ақпан айында «Оқжетпеске» көшкенде, команда бірден Премьер-лиганың сенсациясына айналады деп ойладыңыз ба?

– Бірден сенсация болады деп ойламадым. Бірақ жаттығудағы атмосфераны, жігіттердің мінезін көріп, бұл команданың бәсекеге қабілетті болатынын сездім.

– «Оқжетпестің» осындай ойынының негізгі сыры неде деп айтар едіңіз?

– Бірлік пен сенім. Әр ойыншы өз рөлін түсінді, алаңда бірін-бірі толықтырып ойнады. Бұл – өте маңызды фактор.

– Серікжан Мужиковтың жазда «Оқжетпеске» келуі командаға жақсы жағынан әсер етті ме?

– Әрине. Оның тәжірибесі, алаңдағы сабырлылығы, жастарға деген көмегі команданың ойынына оң әсерін тигізді. Мұндай ойыншылар кез келген командаға пайдалы.

– Жазда сізде топ-клубтардан ұсыныс болды деген ақпарат бар. Бұл ақпарат қаншалықты рас?

– Қызығушылық болды, бірақ ресми деңгейге жеткен жоқ. Сол сәтте мен үшін бастысы – «Оқжетпесте» тұрақты ойнау және даму болды.

– Өткен маусымда қай қарсыласқа қарсы ойнау қиынға соқты?

– «Астана», «Ақтөбе» сияқты командаларға қарсы ойнау әрдайым қиын. Жеке қорғаушыларды атамай-ақ қояйын, бірақ тәжірибелі әрі физикалық тұрғыда мықты ойыншылар көп болды.

– «Оқжетпеспен» жасасқан келісімшартыңыз осы жылдың аяғында бітеді. Клубта қалуды жоспарлап жатырсыз ба?

– Қазір нақты айтуға ерте. Барлығы маусым соңындағы келіссөздерге байланысты. Мен кез келген шешімде өзімнің дамуымды бірінші орынға қоямын.

– Шетелдік лигада ойнап, өзіңіздің бағыңызды сынауға қалай қарайсыз?

– Әр футболшы сияқты, менің де мақсатым бар. Егер лайықты мүмкіндік болса, шетелде өзімді сынап көргім келеді. Бірақ ол үшін күн сайын жұмыс істеу керек.

Басты жаңалықтар

Халықаралық футбол  28 қазан, 10:58

Сәтпаевтың клубы ұшып кетуден аман қала ма? «Бернлидің» Чемпионшиптегі қорытынды орнына болжам айтылды

1
ҚПЛ  28 қазан, 08:14

«Холанд «Ситиде», ал мен «Ордабасыдамын»: Бьорн Йонсен Норвегия құрамасына оралу мүмкіндігін бағалады

2
Басқа  27 қазан, 21:11

Футзал комментаторлары алдындағы берешек осы аптада өтеле бастайды: ҚФФ диалогқа қосылды

3
ҚПЛ  27 қазан, 19:44

«Қайрат» Қазақстан құрамасының ойыншысына қызығушылық танытуда

4
ҚПЛ  27 қазан, 18:11

ҚПЛ клубтары «Ториноның» бұрынғы шабуылшысына таласуда

5
Халықаралық футбол  27 қазан, 17:19

Сәтпаевтың командасын алдағы матчтарға кім дайындайды? Хайенмен бірге екі көмекшісі қызметінен кетті

6
Барлық жаңалықтар

Турнирлік кесте

Қазақстан Премьер-Лигасы
#
Команда
О
Ж
Т
Ұ
+/-
Ұпай
1
ОрдабасыОрдабасы
29
21
5
3
38
68
2
ҚайратҚайрат
29
19
7
3
37
64
3
АстанаАстана
29
15
8
6
17
53
4
ОқжетпесОқжетпес
29
15
6
8
8
51
5
АқтөбеАқтөбе
29
13
7
9
7
46
6
ЕлімайЕлімай
29
12
9
8
2
45
7
ТобылТобыл
29
12
5
12
1
41
8
ҰлытауҰлытау
29
9
8
12
-8
35
9
ЖеңісЖеңіс
29
8
9
12
-9
33
10
КаспийКаспий
29
9
6
14
-11
33
11
ҚызылжарҚызылжар
29
8
6
15
-12
30
12
ЕртісЕртіс
29
7
8
14
-15
29
13
АтырауАтырау
29
5
12
12
-11
27
14
АлтайАлтай
29
6
9
14
-11
27
15
ЖетісуЖетісу
29
6
8
15
-18
26
16
ҚайсарҚайсар
29
4
13
12
-15
25