Матч орталығы

Оразовтың агенті – «Елімайға» ауысу жайлы: Еуропалық клубтар да қызығушылық танытты

13.12.2025 21:38

Оразовтың агенті – «Елімайға» ауысу жайлы: Еуропалық клубтар да қызығушылық танытты

Фото: Рамазан Оразов

Қазақстан ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Рамазан Оразовтың бельгиялық агенті Кен Ван Дейк ASnews.kz сайтына берген сұхбатында ойыншының семейлік «Елімаймен» толыққанды келісімшартқа отыруына қатысты пікір білдірді.

«Елімай» Рамазанның «Силькеборгтан» толыққанды ауысуын рәсімдеді. Ол 2027 жылдың соңына дейін жоспарланған екі жылдық келісімшартқа қол қойды. Біз бұл келісімге ризамыз және осы мәміленің жүзеге асуына атсалысқан екі клубқа да – «Елімай» мен «Силькеборгқа» алғыс айтамыз», – деді Ван Дейк.

Сондай-ақ, ойыншының өкілі басқа ұсыныстардың болғанына қарамастан, неліктен таңдау Семей клубына түскенін түсіндірді.

«Соңғы бірнеше айда ол өте жақсы өнер көрсетті, сондықтан, әрине, еуропалық клубтар тарапынан да қызығушылық болды. Бірақ біз «Елімайды» бірнеше ай бұрын басталған істің дұрыс жалғасы деп санаймыз. Мұнда ол командаға алға қойған мақсаттарына жетуге көмектесіп қана қоймай, өзінің жеке амбицияларын да жүзеге асыра алады», – деп атап өтті агент.

Рамазан Оразов маусымды даниялық «Силькеборгта» бастаған, алайда қыркүйек айының басында «Елімайға» жалға берілген болатын. ҚПЛ чемпионатында 10 матч өткізген 27 жастағы қазақстандық футболшы екі гол соғып, екі нәтижелі пас берді.

«Елімай» мен «Силькеборгтан» бөлек, Оразов бұған дейін словениялық «Копер», литвалық «Даугавпилс», ресейлік «Чайка», сондай-ақ «Ақтөбе», «Ақсу», «Тобыл» және «Қайрат» сапында ойнап үлгерді.

Өткен маусымның қорытындысы бойынша «Елімай» Қазақстан чемпионатында төртінші орынға ие болды, бұл командаға келесі маусымда Конференция лигасының іріктеу кезеңінде ойнауға мүмкіндік береді. Семейлік клуб еуропалық жарыста алғаш рет бақ сынамақ.

Тағы да оқыңыз

Бүгін, 18:11

Белгілі блогер Қазақстан құрамасының ойыншыларын есектерге теңеді

Бүгін, 16:49

Қазақстан құрамасына үміткер Нұртас Адамбаймен туыстығы туралы айтты

Бүгін, 15:43

«Астана» «Ордабасыға» қарсы матчта көшбасшыларын қосалқы құрамда қалдырды

Бүгін, 13:45

«Жеңетінімізге күмәндандым»: «Ордабасының» иесі – «Оқжетпеске» қарсы ойын туралы

Бүгін, 12:39

«Челси» емдеу жұмыстарына араласты: «Бернлиде» Дастан Сәтпаевтың қатарға қосылатын уақытын атады

Бүгін, 10:39

«Ордабасы»—«Астана»: ҚПЛ ойынына болжам мен бәс тігу

Басты жаңалықтар

Ұлттық құрама  12 қыркүйек, 18:11

Белгілі блогер Қазақстан құрамасының ойыншыларын есектерге теңеді

1
ҚПЛ  12 қыркүйек, 16:49

Қазақстан құрамасына үміткер Нұртас Адамбаймен туыстығы туралы айтты

2
ҚПЛ  12 қыркүйек, 15:43

«Астана» «Ордабасыға» қарсы матчта көшбасшыларын қосалқы құрамда қалдырды

3
ҚПЛ  12 қыркүйек, 13:45

«Жеңетінімізге күмәндандым»: «Ордабасының» иесі – «Оқжетпеске» қарсы ойын туралы

4
Халықаралық футбол  12 қыркүйек, 12:39

«Челси» емдеу жұмыстарына араласты: «Бернлиде» Дастан Сәтпаевтың қатарға қосылатын уақытын атады

5
Еурокубоктар  12 қыркүйек, 08:17

Әзербайжанда Стас Покатиловты сынға алғандарға жауап берілді

6
Барлық жаңалықтар

Турнирлік кесте

Қазақстан Премьер-Лигасы
#
Команда
О
Ж
Т
Ұ
+/-
Ұпай
1
ҚайратҚайрат
24
17
6
1
35
57
2
ОрдабасыОрдабасы
24
17
4
3
29
55
3
АстанаАстана
23
13
6
4
17
45
4
ОқжетпесОқжетпес
24
12
6
6
5
42
5
АқтөбеАқтөбе
24
11
5
8
6
38
6
ЕлімайЕлімай
23
8
8
7
-1
32
7
ТобылТобыл
24
9
4
11
-3
31
8
ҰлытауҰлытау
24
8
7
9
-5
31
9
ЖеңісЖеңіс
24
7
8
9
-6
29
10
КаспийКаспий
24
7
5
12
-9
26
11
АтырауАтырау
23
4
11
8
-6
23
12
ҚызылжарҚызылжар
24
6
5
13
-12
23
13
АлтайАлтай
24
5
7
12
-12
22
14
ЖетісуЖетісу
24
5
7
12
-16
22
15
ҚайсарҚайсар
24
3
11
10
-12
20
16
ЕртісЕртіс
23
4
8
11
-10
20