Матч орталығы
Жақсылықтың агенті – Еуропадан түскен ұсыныстар жайында: оған Албанияның клубы қызығушылық танытуда
06.12.2025 23:17

Фото: Нұрали Жақсылық
Қазақстан жастар құрамасы мен және «Астананың» жартылай қорғаушысы Нұрали Жақсылықтың агенті Рустам Раджабов ASnews.kz сайтына берген сұхбатында футболшыға «Балканидің» (Косово) қызығушылық танытқанына қатысты нақты пікір білдірді.
«Ақпарат шындыққа жанаспайды. Иә, біз Балкан командасымен байланыстамыз, бірақ бұл «Балкани» емес, албаниялық «Партизани». Адамдар бұл жалған ақпаратты қайдан алып жатқанын түсінбеймін. Басқа елдерден ұсыныстар бар, бірақ шешілуі керек кейбір мәселелер бар. Біз жақын арада нақты шешім қабылдаймыз», – деді Раджабов.
Айта кету керек, «Партизани» Албанияда ең көп трофейі бар және танымал клубтардың бірі. Өз тарихында клуб 17 рет чемпион атанып, 15 Албания кубогын және үш рет Албания суперкубогын жеңіп алды.
Басты жаңалықтар
Халықаралық футбол 28 қазан, 10:58
Сәтпаевтың клубы ұшып кетпей ме? «Бернлидің» Чемпионшиптегі қорытынды орнына болжам айтылды
3ҚПЛ 28 қазан, 08:14
«Холанд «Ситиде», ал мен «Ордабасыдамын»: Бьорн Йонсен Норвегия құрамасына оралу мүмкіндігін бағалады
4Турнирлік кесте
Қазақстан Премьер-Лигасы
#
Команда
Ұпай
1
68
2
64
3
53
4
51
5
46
6
45
7
41
8
35
9
33
10
33
11
30
12
29
13
27
14
27
15
26
16
25
Ербол Каиров