Матч орталығы
Арман Кеңесов ҚПЛ клубтарынан ұсыныс алды
02.12.2025 11:46

Фото: Арман Кеңесов
Қазақстан құрамасына үміткер футболшы саналатын Арман Кеңесов қысқы маусымаралық үзіліс кезінде командасын ауыстыруы мүмкін, деп хабарлайды ASnews.kz.
25 жастағы футболшы өткен маусымның екінші жартысын бірінші лигадағы туған командасы «Ертісте» өткізіп, олардың ҚПЛ-ға шығуына көмектесті. 14 ойында алты гол соғып, төрт нәтижелі пас берді.
Кеңесов қазіргі уақытта қаржылық қиындықтарға тап болған елордалық «Астанаға» тиесілі.
«Ақтөбе» мен «Елімай» сияқты бірнеше команда жартылай қорғаушыға қызығушылық танытып отыр. «Ертіс» те өзінің көшбасшы ойыншысы болған Арманды құрамда сақтап қалғысы келеді.
Кеңесов бұған дейін «Қайсар», ресейлік «СКА-Хабаровск», «Ақтөбе» және «Астана» клубтарында ойнады. Ол Қазақстан құрамасы сапында төрт матч өткізді.
Әлім Динасылов