Матч орталығы
Африкалық шабуылшы ҚПЛ клубына ауысуы мүмкін
01.12.2025 19:45

Фото: Чарльз Марк Икечукву
«Минск» (Беларусь) клубының шабуылшысы Чарльз Марк Икечукву ҚПЛ клубына ауысуға жақын, деп хабарлайды ASnews.kz.
28 жастағы нигериялық футболшы мансабын Қазақстан Премьер-лигасында жалғастырады деп күтілуде. Қазіргі уақытта бойы 184 сантиметрді құрайтын ойыншы ҚПЛ-дың екі клубымен келіссөз жүргізуде.
Икечукву осы жылдың тамыз айында «Минскке» ауысты. Ал оған дейін Арменияның «Арагац», «Вест Армения» және «Ноа» клубтарында, сондай-ақ Сауд Арабиясының «Килва» және «Әл-Салам» командаларында ойнаған.
Өткен маусымда шабуылшы Беларусь чемпионатында тоғыз матч өткізіп, төрт гол соқты. Оның командасы турнир кестесінде бесінші орын алды.
Әлім Динасылов