Матч орталығы
Жақсылық – «Самсунспорға» ауыспағаны жайлы: олар ойыныма риза болды, бірақ мен тіл білмедім
26.11.2025 09:31

Фото: Нұрали Жақсылық
«Астананың» жартылай қорғаушысы Нұрали Жақсылық ASnews.kz сайтына берген сұхбатында 2022 жылы Түркияның «Самсунспор» клубына неліктен ауыспағанын айтып берді.
«Ол жерде мен 10 күндік оқу-жаттығу жиынында болдым. Сол кезде мен тек тіл білмедім. Жалғыз кемшілігім сол болды. Ал ойыным түркиялықтардың көңілінен шықты», – деді Жақсылық.
Өткен маусымда Нұрали «Астана» сапында 19 матч өткізіп, 575 минут ойнады. Үш гол мен екі нәтижелі пасты өз атына жазды.
Бұған дейін Литва чемпионатының көшбасшысы «Кауно Жальгиристің» «Астананың» футболшысына қызығушылық танытқаны туралы хабарланған болатын.
Басты жаңалықтар
Халықаралық футбол 28 қазан, 10:58
Сәтпаевтың клубы ұшып кетпей ме? «Бернлидің» Чемпионшиптегі қорытынды орнына болжам айтылды
2ҚПЛ 28 қазан, 08:14
«Холанд «Ситиде», ал мен «Ордабасыдамын»: Бьорн Йонсен Норвегия құрамасына оралу мүмкіндігін бағалады
3Турнирлік кесте
Қазақстан Премьер-Лигасы
#
Команда
Ұпай
1
68
2
64
3
53
4
51
5
46
6
45
7
41
8
35
9
33
10
33
11
30
12
29
13
27
14
27
15
26
16
25
Әлім Динасылов