Матч орталығы
Купер – «Тобыл» жайлы: оларда Конференция лигасына шығу үшін қажеттінің бәрі бар
10.11.2025 15:50

Фото: Тобыл ФК
«Тобылдың» бұрынғы шабуылшысы Годберг Купер ASnews.kz сайтына берген сұхбатында қостанайлық клубтың Конференция лигасының жалпы кезеңіне шығу мүмкіндігін бағалады.
«Иә, мен «Тобылдың» Қазақстан кубогын жеңіп алғанын көрдім. Олар үшін өте қуаныштымын – мен осы мүмкіндікті пайдаланып, «Алға Тобыл!» деп айтқым келеді.
Шынымды айтсам, олар еш қиындықсыз жаңа деңгейге шыға алады. Олардың құрамында мықты ойыншылар бар – Чесноков, Эль-Мессауди, Папи, сондай-ақ Румынияда ойнаған Люкчевич және қорғаныста Милатинович. Клубты аңызға айналған бапкер жаттықтырады.
«Тобылда» керемет басшылар, президент, спорт директоры бар, онда жұмыс істейтіндердің барлығы бір үлкен отбасы. Олардың топтық кезеңге шығуға шамасы жетеді; себебі бұл үшін қажеттінің бәрі бар.
«Қайрат» сияқты, «Тобылда» да командалық атмосфера өте жақсы. Мен қазақстандық клубтар үшін қуаныштымын – олар елдегі футбол деңгейін көтеріп жатыр. «Астана» және басқа да клубтар еуро додаларда өз мүмкіндіктерін көрсетеді деп үміттенемін», – деді Купер.
Өткен маусымда «Тобыл» Қазақстан Кубогын жеңіп алып, маусымды қола жүлдемен аяқтады. Енді 2026/27 жылғы маусымда Конференция лигасының іріктеу кезеңінде бақ сынайды.
Басты жаңалықтар
Халықаралық футбол 28 қазан, 10:58
Сәтпаевтың клубы ұшып кетпей ме? «Бернлидің» Чемпионшиптегі қорытынды орнына болжам айтылды
3ҚПЛ 28 қазан, 08:14
«Холанд «Ситиде», ал мен «Ордабасыдамын»: Бьорн Йонсен Норвегия құрамасына оралу мүмкіндігін бағалады
4Турнирлік кесте
Қазақстан Премьер-Лигасы
#
Команда
Ұпай
1
68
2
64
3
53
4
51
5
46
6
45
7
41
8
35
9
33
10
33
11
30
12
29
13
27
14
27
15
26
16
25
Әлім Динасылов