Матч орталығы
Купер – ҚПЛ жайлы: ол жақта күрес көп, әлсіздер ойнай алмайды
04.11.2025 14:01

Фото: Годберг Купер
«Тобылдың» бұрынғы шабуылшысы Годберг Купер ASnews.kz сайтына берген сұхбатында өзі ойнаған лигалар арасындағы айырмашылықтарды атап өтті.
«Қазақстандағы футбол көбіне физикаға негізделген. Италияда бәрі тактика мен логикаға байланысты. Бұл жақта футболды тек мимен ойнайды. Физикаға да аздап көңіл бөледі, бірақ Қазақстандағыдай дәрежеде емес.
Жалпы алғанда, лигалар арасында үлкен айырмашылық бар. Португалияда бәрі жылдамдық пен техникаға негізделген. Румыния, Албания және Қазақстан футболы ұқсас болып келеді – оларда допқа талас, қысым, дуэль көп және көп жүгіреді. БАӘ-нің деңгейі де жақсы, бірақ ҚПЛ-дағыдай физикаға көп көңіл бөлмейді. Ол жақта допты көп ұстап, позициялық шабуылдарға иек артады. Ойын ырғағы мүлдем басқа.
Қазақстан чемпионаты өте қиын, әсіресе Премьер-лигаға жаңадан келген жас ойыншылар үшін. Бірақ олар үшін бұл өсіп, алға жылжу үшін тамаша мүмкіндік», – деді Купер.
Италиялық шабуылшы бұған дейін Португалия, Румыния, Албания, БАӘ және Қазақстанда ойнаған.
Басты жаңалықтар
Халықаралық футбол 28 қазан, 10:58
Сәтпаевтың клубы ұшып кетпей ме? «Бернлидің» Чемпионшиптегі қорытынды орнына болжам айтылды
3ҚПЛ 28 қазан, 08:14
«Холанд «Ситиде», ал мен «Ордабасыдамын»: Бьорн Йонсен Норвегия құрамасына оралу мүмкіндігін бағалады
4Турнирлік кесте
Қазақстан Премьер-Лигасы
#
Команда
Ұпай
1
68
2
64
3
53
4
51
5
46
6
45
7
41
8
35
9
33
10
33
11
30
12
29
13
27
14
27
15
26
16
25
Әлім Динасылов