Матч орталығы

Хоккей
РесейКХЛ
Ак БарсАк Барс
21:00Бүгін
АвангардАвангард
Хоккей
РесейКХЛ
Динамо МинскДинамо Минск
21:10Бүгін
БарысБарыс
Хоккей
РесейКХЛ
ЦСКАЦСКА
21:30Бүгін
ТракторТрактор
Футбол
ГерманияГермания кубогы
ПадерборнПадерборн
22:00Бүгін
ШтутгартШтутгарт
Футбол
ЕуропаУЕФА жасөспірімдер лигасы
МТК U19МТК U19
22:00Бүгін
Кайрат U19Кайрат U19
Футбол
ГерманияГермания кубогы
ФрайбургФрайбург
22:00Бүгін
ВольфсбургВольфсбург
Футбол
ИталияА сериясы
МиланМилан
22:30Бүгін
БолоньяБолонья
Футбол
ИталияА сериясы
ПармаПарма
22:30Бүгін
УдинезеУдинезе
Футбол
ИталияА сериясы
ВенецияВенеция
22:30Бүгін
ИнтерИнтер
Футбол
НидерландНидерланд кубогы
СпартаСпарта
22:45Бүгін
ФортунаФортуна
Футбол
ИспанияИспания кубогы
УтебоУтебо
23:00Бүгін
СабадельСабадель
Футбол
ИспанияИспания кубогы
АнайтасунаАнайтасуна
23:00Бүгін
АлавесАлавес
Футбол
ИспанияИспания кубогы
КорухоКорухо
23:00Бүгін
ЗамораЗамора
Футбол
ИспанияИспания кубогы
ПамплонаПамплона
23:00Бүгін
ЭйбарЭйбар
Футбол
ИспанияИспания кубогы
ПобленсеПобленсе
23:00Бүгін
СеутаСеута
Футбол
ИспанияИспания кубогы
ЦД ТаранконЦД Таранкон
23:00Бүгін
ЛевантеЛеванте
Футбол
ИспанияИспания кубогы
Тривал ВальдерасТривал Вальдерас
00:00Ертең
ЛеганесЛеганес
Футбол
ИспанияИспания кубогы
АморебьетаАморебьета
00:00Ертең
ЛогронесЛогронес
Футбол
ИспанияИспания кубогы
КовадонгаКовадонга
00:00Ертең
ВальядолидВальядолид
Футбол
ИспанияИспания кубогы
АлькояноАлькояно
00:00Ертең
МальоркаМальорка

«Топ-клубтардан ұсыныс түсті»: Дамир Марат – ҚПЛ-2025, «Оқжетпес» және Еуропада ойнау жайлы

03.11.2025 21:56

«Топ-клубтардан ұсыныс түсті»: Дамир Марат – ҚПЛ-2025, «Оқжетпес» және Еуропада ойнау жайлы

Фото: Дамир Марат

«Оқжетпестің» 24 жастағы жартылай қорғаушысы Дамир Марат ҚПЛ-дың осы маусымындағы басты жаңалықтардың бірі болды. Ол 26 матч өткізіп, төрт гол мен төрт нәтижелі пастың авторы атанды, ал оның командасы сегізінші орын алды.

ASnews.kz тілшісі Әлім Динасыловқа берген сұхбатында Марат мына мәселелерді қамтып өтті:

  • сәтті маусымның себептері;
  • ұлттық құрамаға шақырылу мүмкіндігі;
  • Қазақстандағы топ-клубтардың қызығушылығы.

– Жалпы, сіздің футболдық мансабыңыздан бастасақ. Интернетте футболға келгеніңіз жайлы ақпарат өте аз екен, сол себепті қалай, қай жерде бастадыңыз, алғашқы бапкеріңіз кім болды?

– Бала кезімде мектеп аралық жарыс болған. Сол жарыста мені байқап, «Цесна» футбол клубына шақырған. Бұл оқиға 2011 жылы болды. Алғашқы бапкерім – Маруняк Василий Васильевич.

– Енді, өткен маусым жайлы айтсақ. Жалпы, «Оқжетпес» үшін маусымды қалай бағалайсыз? 

– Жалпы «Оқжетпес» үшін жақсы маусым болды деп ойлаймын. Себебі жыл басында қойылған тапсырма жоғарғы лигада қалу еді, біз болсақ ол тапсырманы мерзімінен бұрын орындап қойдық. Екінші айналымның соңына таман шаршаған сияқтымыз, сонымен сегізінші орында аяқтадық, бірақ жалпылама алатын болсақ, «Оқжетпес» үшін жақсы маусым болды деп ойлаймын. Әрине, бұдан да жоғары орындарға таласуға болар еді, алайда сәл жетпеді.

– Ақпан айында «Оқжетпеске» ауысқанда Бірінші лигадан шыққан команда бірден Премьер-лиганың сенсациясына айналады деп ойладыңыз ба?

– «Оқжетпеске» бармай тұрып, бәрі маған: «ол клубқа барып не істейсің, бәрібір Бірінші лигаға ұшып кетеді» деп айтқан еді. Алайда мен осында келгеніме еш өкінбедім, өйткені команданы көрген бірінші сәттен бастап-ақ жақсы орынға таласатынымызға сенімді болдым. Ұжым ретінде біз жақсы жасақталған едік.

– Жалпы осы маусымда өзіңіз барлық жарыстарда 26 матчта төрт гол соғып, төрт голдық пас бердіңіз. Өзіңіз үшін осы маусымды қалай бағалар едіңіз? Әзірге мансабыңыздағы ең мықты маусым деп айтуға бола ма? 

– Әрине, өткен маусым мен үшін жақсы болды деп ойлаймын. Бірақ ойынымды әлде де күшейту керек. Бұдан да жақсы нәтиже көрсете аламын деп ойлаймын. Маусым бойы менде біраз мүмкіндіктер болды, оларды жүзеге асыра алғанда, қазіргіден де жақсы нәтиже болар еді. Сол себепті маған тынбай еңбектену керек.

– «Оқжетпестің» осындай ойының сыры неде деп ойлайсыз? 

– Менің ойымша, біз ұжым ретінде жақсы ойнадық. Жігіттердің бәрі шамамен жасты болды, барлығымыз бір буынның адамдарымыз. Бір-бірімізбен қарым-қатынасымыз, арадағы сыйластық жақсы болды. Сол үшін алаңдағы түсіністік деңгейі жоғары болды.

– Серікжан Мужиковтың жазда «Оқжетпеске» келуі командаға жақсы жағынан әсер етті ме? Недегенмен, өте тәжірибелі, Ұлттық құраманың деңгейінде ойнайтын ардагер ойыншы ғой.

– Әрине, бұл аңызға айналған ойыншы. Тек қана Мужиков емес, командамызда Аслан Дарабаев пен Тимур Досмағамбетов те боды. Осындай ойыншылардан үйренеріміз көп, әрі олар әрқашан да кеңес беруге дайын. Мужиковтың командада болуы бізге көп көмектесті, өйткені ол тәжірибелі әрі мықты футболшы.

– Жазда команда тізгінін Қайрат Жұмабекұлы Нұрдәулетов ұстады. Оның жастармен өте жақсы жұмыс жасайтынын көрдік. Өзіңіз бапкермен бірге атқарылған жұмысты қалай бағалар едіңіз?

– Иә, Қайрат Жұмабекұлымен жұмысты жақсы бастадық. Бапкерлік штабтың өзіндік идеялары да болды, біз оларды жүзеге асыруға тырыстық. Не жетіспегенін білмеймін, мүмкін біз шаршаған сияқтымыз немесе физикалық тұрғыдан дайын болмаған шығармыз. Бәлкім, бізге ойыншылар қорының молдығы жетпей қалған да шығар.

– Қайрат Жұмабекұлымен Ұлттық құрама тізіміне іліну жайында сөйлестіңіз бе? Ол кісі жастар құрамасын баптады, яғни керекті талаптарды білетін маман.

– Ол кісі маған үнемі өзінің кеңестерін беріп отырды. Қай бағытта маған даму керектігін, қандай кездерде мұқият боул керектігін айтып отырады. Қайрат Жұмабекұлы ұлттық құраманың бапкерлік штабымен әрқашан да байланыста болды және маған біраз кеңес берді. 

– Осы маусымнан кейін Премьер-лиганың басқа клубтарынан қызығушылық пайда болды ма? Осы қыста сіз клуб ауыстырасыз деген қауесеттер бар.

– Маусым аяқталып, маған Қазақстанның бірнеше топ-клубынан ұсыныс түсті. Бұйырса, алдағы уақытта шешім қабылдайтын боламын. Тактикалық тұрғыдан сәйкестіктің болуы, бапкерлік штабтың көзқарасы және болашақ мансабымның өрбу мүмкіндігін ескере отырып, клуб таңдауға тырысамыз.

– Осындай нәтижелі маусымнан кейін Ұлттық құрамаға іліну мүмкіндігі көбейді ме? Сізге деген бапкерлік штаб тарапынан қызығушылық болды ма?

– Биыл кеңейтілген тізімге ендім, әрі бапкерлік штабпен әрдайым байланыста болдым. Болашақта ұлттық құрамада ойнауға мүмкіндігім артқан сияқты. Тынбай еңбектенсем, негізгі тізімге шақырылатындай мүмкіндік көбейеді деп ойлаймын. 

– Шетелдік клубтардан қызығушылық бар ма? Соңғы бірнеше жылда қазақстандық ойыншылар еуропалық клубтарға қызық екенін байқадық. Өзіңізді шетелде сынап көргіңіз келеді ме?

– Әрине, әр қазақ баласы шетелде өнер көрсеткісі келеді. Мықты клубқа бару үшін өзімді Қазақстанда өте жақсы қырымнан көрсетуім керек. Келер маусымда өзімді жақсы көрсетсем, неге шетелге кетпеске? Шетелде ойнауға дайынмын.

Басты жаңалықтар

ҚПЛ  28 қазан, 17:15

«Шахтер» Қазақстан құрамасының көшбасшысын алуды көздеп отыр

1
ҚПЛ  28 қазан, 14:41

ҚФФ-ның бұрынғы функционері «Қызылжарды» басқарғысы келеді

2
Халықаралық футбол  28 қазан, 10:58

Сәтпаевтың клубы ұшып кетпей ме? «Бернлидің» Чемпионшиптегі қорытынды орнына болжам айтылды

3
ҚПЛ  28 қазан, 08:14

«Холанд «Ситиде», ал мен «Ордабасыдамын»: Бьорн Йонсен Норвегия құрамасына оралу мүмкіндігін бағалады

4
Басқа  27 қазан, 21:11

Футзал комментаторлары алдындағы берешек осы аптада өтеле бастайды: ҚФФ диалогқа қосылды

5
ҚПЛ  27 қазан, 19:44

«Қайрат» Қазақстан құрамасының ойыншысына қызығушылық танытуда

6
Барлық жаңалықтар

Турнирлік кесте

Қазақстан Премьер-Лигасы
#
Команда
О
Ж
Т
Ұ
+/-
Ұпай
1
ОрдабасыОрдабасы
29
21
5
3
38
68
2
ҚайратҚайрат
29
19
7
3
37
64
3
АстанаАстана
29
15
8
6
17
53
4
ОқжетпесОқжетпес
29
15
6
8
8
51
5
АқтөбеАқтөбе
29
13
7
9
7
46
6
ЕлімайЕлімай
29
12
9
8
2
45
7
ТобылТобыл
29
12
5
12
1
41
8
ҰлытауҰлытау
29
9
8
12
-8
35
9
ЖеңісЖеңіс
29
8
9
12
-9
33
10
КаспийКаспий
29
9
6
14
-11
33
11
ҚызылжарҚызылжар
29
8
6
15
-12
30
12
ЕртісЕртіс
29
7
8
14
-15
29
13
АтырауАтырау
29
5
12
12
-11
27
14
АлтайАлтай
29
6
9
14
-11
27
15
ЖетісуЖетісу
29
6
8
15
-18
26
16
ҚайсарҚайсар
29
4
13
12
-15
25