Матч орталығы
Алюетов – «Ертіспен» өткізген маусым жайында: ерекше жыл болды
02.11.2025 17:34

Фото: Ринат Алюетов
«Ертістің» бас бапкері Ринат Алюетов ASnews.kz сайтына берген сұхбатында павлодарлық клубтың Қазақстан Премьер-лигасына оралуына сеп болған маусымды қорытындылады.
«Маусым ерекше болды: мен командаға маусым ортасында келдім және Премьер-лигаға шығу үшін бір ай ішінде көптеген өзгерістер енгізуге тура келді, дайындық жасауға уақыт болмады. Команда елу пайызға жаңартылды. Қазақстан Премьер-лигасында ойнаған мықты футболшылар келді, басшылық та клубтың алға қойған мақсатына жету үшін бізге көмектесті. Жалпы алғанда, өткен маусымға ризамыз – команда келесі жылы Премьер-лигада ойнайды», – деді Алюетов.
«Ертіс» Бірінші лига маусымын 56 ұпаймен екінші орында аяқтап, Қазақстан Премьер-лигасына тікелей жолдама алды.
Алюетов палодарлық клубты 2025 жылғы маусымның ортасында тізгіндеп, жеті матчқа созылған жеңісті серияны тіркеді.
Басты жаңалықтар
Халықаралық футбол 28 қазан, 10:58
Сәтпаевтың клубы ұшып кетпей ме? «Бернлидің» Чемпионшиптегі қорытынды орнына болжам айтылды
2ҚПЛ 28 қазан, 08:14
«Холанд «Ситиде», ал мен «Ордабасыдамын»: Бьорн Йонсен Норвегия құрамасына оралу мүмкіндігін бағалады
3Турнирлік кесте
Қазақстан Премьер-Лигасы
#
Команда
Ұпай
1
68
2
64
3
53
4
51
5
46
6
45
7
41
8
35
9
33
10
33
11
30
12
29
13
27
14
27
15
26
16
25
Өміржан Солтангельдинов